26 Қазан, 2013

Алда тұрған жұмыстар ауқымды

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парла­­­менті Сенатының депутаттары, ТМД ПАА-ның Мемлекеттік құрылыс және жергілікті өзін өзі басқару тәжі­рибесін зерделеу жөніндегі Тұрақ­ты комиссияның мүшелері Елеусін Сағындықов және Нұрлан Сүлейменов осы комиссияның отырысына, сон­дай-ақ Санкт-Петербургте 24-25 қазан­да болған «Еуропа және ТМД мемлекеттерінің әлеуметтік-эконо­ми­калық дамуындағы аймақтық және жергілікті биліктің рөлдерін көте­ру жолдары» атты халықаралық конфе­ренцияға қатысты.

Халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде сенатор Е.Сағындықов жиналғандарды жалпыұлттық «Қа­зақстан-2050» Стратегиясының жаңа міндеттерімен таныстырып, еліміздің орнықты дамуын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөнінде алда тұрған жұмыстар жайында әңгімеледі.

Одан басқа, Санкт-Петербургтегі ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Бақылау-бюджеттік комиссиясының отырысына Парламент Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет коми­тетінің мүшесі Лаззат Тұрлашов қа­тысты, деп хабарлады Қазақстан Пар­­­­ламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар