Ведомствода хабарлағандай, сағат 4.19-да өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне "Рудный Автотранс" ЖШС аумағындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына келген бойда ашық аумақта жолаушылар автобустары жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілер мен кәсіпорын қызметкерлерінің күшімен 12 автобус қауіпсіз қашықтыққа шығарылды. 10 автобус жанып кетті және 2 автобус істен шықты. Өртті тек 05.02-де ауыздықтап, 05.10-да сөндірілді. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.