26 Қазан, 2013

G-global-ға белсенді қатысуға шақырды

245 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Байменовтің басшылығымен Қазақстан делегациясы 2013 жылдың 22-23 қазанында Корея Республикасында өткен «Smart үкімет пен Smart қоғам» атты Электрондық үкімет бойынша жаһандық форумына қатысты.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Байменовтің басшылығымен Қазақстан делегациясы 2013 жылдың 22-23 қазанында Корея Республикасында өткен «Smart үкімет пен Smart қоғам» атты Электрондық үкімет бойынша жаһандық форумына қатысты.

22 қазан күні форумның пленарлық отырысы кезінде Ә.Байменов «Қазақстан қоғамы үшін ашық және заманауи басқару: жетістіктері мен перспективалары» тақырыбында спикер ретінде сөз сөйледі.

Ә.Байменов форумның қатысушыла­рын «Қазақстан-2050» Стратегиясының дамыған 30 елдің қатарына кіру бойынша басымдықтарымен таныстырды. Осы басымдықтар бағыттарының бірі ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамыту мен қолдану болып табылады. «Ақпараттық Қазақстан-2020» бағдарламасы қызмет көрсетуге бағытталған және технологиялық жағынан дамыған мемлекетке көшу құралы ретінде ерекше атап өтілді.

Форумның қатысушылары Қазақстан Республикасының заманауи технологияларды пайдалана отырып мемлекеттік аппаратының тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын жоғарылату бойынша шараларымен таныстырылды.

Агенттік төрағасы кешенді бағдарла­малар­мен қатар, смарт-медицина, элек­трон­дық оқыту (е-learning), мобильді үкімет, е-қызмет сияқты түрлі салаларда; өңірлік деңгейде SmartAstana, Инновациялық технологиялар паркі және т.б ақпараттық технологияларды қолдану бойынша жұмыс атқарылып келгенін атап өтті.

Ә.Байменов форум қатысушы­ларын жаһандық е-қатысудың үлгісі ретінде G-Global-ға қатысуға шақырды, сонымен қатар, форум хатшылығына мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабқа әріптес болуды ұсынды.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар