Әлем • 24 Тамыз, 2020

Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстеріне шектеулер алынады

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 тамызда Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстеріне шектеулер алынады, - деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстеріне шектеулер алынады

Бұған дейін, COVID19-ның таралуына бойынша жағдайға байланысты, түрік тарапы 2020 жылдың 5 тамызынан бастап Қазақстаннан Түркияға жолаушылардың кіруіне шектеулер енгізген болатын.

Министрлік екі ел арасындағы рейстерге қойылған шектеулерді алып тастау мәселесі бойынша түрік тарапымен жұмыс жүргізді.

Осылайша, Түркияның авиация билігінің айтуынша, шектеулерді алып тастау мәселесі Түркияның Денсаулық сақтау министрлігімен үйлестіріліп, және COVID-19 таратылуының тұрақтануы мен жақсаруын ескере отырып, түрік тарапы Қазақстаннан Түркияға жолаушылардың кіруіне шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады.

Рейстер Қазақстан мен Түркияның санитарлық-эпидемиологиялық нормаларына қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

 
 
 
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.