Қоғам • 24 Тамыз, 2020

Қазақстанда 2 500 бала коронавирус індетін жұқтырды

774 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 2 500 бала коронавирус індетін жұқтырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда 2 500 бала коронавирус індетін жұқтырды

Әзірге сырқатқа шалдығушылардың арасында ешкімде өлім дерегі тіркелмеді. Мән-жайды толығырақ "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" АҚ Басқарма төрайымы, дәрігер Риза Боранбаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде тарқатып өтті.

Дәрігер Риза Боранбаеваның айтуынша, ересектерге қарағанда балалар коронавирус инфекциясын сирек жұқтырады. Оларда клиникалық симптом байқалмайды және ауруханаға сирек жатқызылады. Бұдан бөлек, балаларда ауру симптомсыз, жеңіл түрде өтеді. Алайда олар да індеттің ауыр түрімен ауыруы мүмкін екенін қоса кетті.

"Пандемия басталғаннан бері Қазақстанда коронавирус инфекциясын шамамен 2500 бала жұқтырды. Оның ішінде 111 сәби бар. 80 пайыз жағдайда балалар коронавирус инфекциясы симптомсыз, жеңіл формада өтті. Тек 20 пайыз жағдайында балалар ауруды орташа және ауыр формада өткізді. Бұл көбіне созылмалы ауруы бар балаларда байқалды. Осылайша коронавирус инфекциясы олардың жағдайын қиындатты. Олардың арасында өлім дерегі тіркелген жоқ", деді дәрігер.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.