Қоғам • 24 Тамыз, 2020

Қазақстандық пациенттер үшін инновациялық терапияға қолжетімділік арта түспек

142 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Takeda фармацевтикалық компаниясы белсенді ғылыми-зерттеу қызметін жүргізетін және инновациялық дәрілік заттарды әзірлейтін бірқатар басым терапевтік бағыттарды анықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық пациенттер үшін инновациялық терапияға қолжетімділік арта түспек

Негізгі терапевтік бағыттар: онкология, гастроэнтерология және иммунология, неврология және генетикалық аурулар. Мақсатты инвестициялар қан плазмасы вакциналары мен препараттарын әзірлеуде де жүзеге асырылады. Күшті инновациялық ғылыми-зерттеу платформасы компанияға серпінді инновациялық технологияларға назар аударып, осы бағыттардағы өнімдердің жаһандық портфелін дамытуды жалғастыруға мүмкіндік беріп отыр. Бизнестің негізгі бағыттары Takeda жаһандық компаниясының жылдық жиынтық кірісін қалыптастыруға үлкен үлес қосқан.

«Такеда Қазақстан» ЖШС (Takeda) биофармацевтикалық компаниясы Қазақстан Республикасында «Баксалта Қазақстан» ЖШС-не (Shire) қосылу жолымен қайта ұйымдастырудың заңды процесінің аяқталғаны туралы хабарлады. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде «Баксалта Қазақстан» ЖШС өз қызметін тоқтатты және «Такеда Қазақстан» ЖШС компаниясы барлық міндеттемелер бойынша оның құқықтық мұрагеріне айналды. Аталған өзгерістер бірлескен Takeda компаниясын қалыптастыру процесін тездетеді, алайда шығарылатын дәрілік заттардың өндіріс процесіне, сапасына, тиімділігі мен қауіпсіздігіне еш әсер етпейді.

«Shire және Takedaның заңдық бірігу рәсімінің аяқталуы қол қойылған және келесімсөз үстіндегі шарттар, серіктестік және өзге де келісім-шарттар бойынша компанияның өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындауды жеңілдетеді. Біз денсаулық сақтау жүйесінің сенімді серіктесі болуға тырысамыз. Компанияның қайта ұйымдастырылуы Қазақстанның фармацевтикалық нарығындағы Takeda-ның жетекші орнын нығайтып, қазақстандық пациенттер үшін инновациялық терапияға қолжетімділікті жеделдететініне сенімдіміз», - дейді  «Такеда Қазақстан» ЖШС директорының міндетін атқарушы Сабира Салыхова.

2019 жылдың қаңтарында жарияланған Takeda компаниялар тобының Shire компаниялар тобын сатып алу туралы келісімі Takeda-ға әлемдегі ТОП-10 фармацевтикалық компаниялардың қатарына кіруге және ғылыми әзірлемелерге назар аудара отырып, биофармацевтикалық көшбасшыға айналуға мүмкіндік берді.

Бірігу арқылы Takeda өзінің географиялық болмысын кеңейтті және Жапония мен АҚШ-та жетекші орынға ие болды. Енді 50 000 жоғары білікті қызметкерлердің қолдауымен компанияның әлемнің 80-нен астам елі мен аймақтарына инновациялық дәрілік заттарды жеткізуге мүмкіндігі бар.

Takeda Pharmaceutical Company Limited (бұдан әрі – Takeda) компанияның және оның ғылыми-зерттеу қызметінің құндылықтарына негізделген, штаб-пәтері Жапонияда орналасқан биофармацевтикалық препараттарды өндіру саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылады. Компания ғылыми жетістіктерін жоғары инновациялық препараттарға трансформациялау арқылы пациенттерді емдеуде жоғары нәтижелерге қол жеткізген.

Аталған ұйым  емдеудің жаңа нұсқаларының шекарасын кеңейтіп, жаңа тиімді өнімдерді жасау үшін Ғылыми әзірлемелер бөлімшесін (R&D) пайдалана отыра, адамдардың өмірін өзгертуге көмектесетін жоғары инновациялық дәрілік препараттарды жасауға ден қойған.