Аймақтар • 24 Тамыз, 2020

Қызылордада жолақы өспейтін болды

940 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Келер айдан бастап Қызылорда қаласында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қоғамдық көлік жолақысы электрондық жүйе арқылы төлене бастайды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада жолақы өспейтін болды

Қоғамдық көлік жүйесін дамытып, жұмыс тиімділігін арттыру бағытында Нұр-Сұлтан, Алматы сынды мегаполистерден баастау алған бұл тәжірибе тиімділігін дәлелдеді. Осыған дейін Қызылордада жолақы төлеу электронды жүйеге көшкен сәттен бастап қолма қол билет алу құны 120 теңге болып бекітілгені белгілі болған еді. Бұл сараланған тариф  азаматтарды көлік картасын пайдалануға ынталандыру  мақсатында қойылған болатын. Алайда тұрғындар ұсынысына орай электронды немесе қолма қол төлем жасаушылар үшін де ортақ баға 90 теңге болып, бұрынғы жол кіре ақысы өзгеріссіз қалатын болды. Бұл туралы бүгін қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев хабарлады.

Дегенмен де электрондық төлем жүйесіне өту заман талабы. Сол себепті жол ақысын электронды төлеуге ұсынылған 8 түрлі төлем жасау тетігі дамытылып, жүйеге ауысу 1 қыркүйектен бастап кезең-кезеңімен жалғаса береді.

Жол жүру билетіне электронды төлем жасаудың тиімді тұсы облыс орталығындағы жолаушы тасымалдаушылардың шынайы табысы айқындалады. Нәтижесінде бюджетке түсетін кіріс артып, салық базасы ұлғаяды және көлеңкелі қаражат айналымы жойылады. Автобус паркінің материалдық-техникалық базасы жақсарады. Бұл әрі болашақта бағдарларды тиімді жоспарлауға ықпал жасайды.