Қазіргі таңда осы стратегия бойынша қойылған міндеттер орындалып келеді. Мәселен, мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс негізінен 2015 жылы қабылданған жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заң, мемлекеттік қызметке қатысты заң, мемлекеттік қызметтің этикалық кодексі арқылы жүзеге асты.
Сондай-ақ 2016 жылдан бері елімізде «Қоғамдық бақылау» қызметі жұмыс істейді. Бұл жоба үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы мемлекеттік және жеке сектордағы сыбайлас жемқорлық әрекетін анықтауға арналған.
Бұдан бөлек, жоғарыда аталған заңдар арқылы жеке сектор саласындағы жемқорлықты бақылау да алғаш рет жолға қойылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру нәтижесінде құқық қорғау және сот жүйесінде кадрларды таңдау жетілдірілді.
Сондай-ақ жемқорлықтың зияны туралы қоғамды ақпараттандыру үшін де көптеген жұмыс атқарылды. Қазақстан халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдармен белсенді ынтымақтастық орнатқан.
Жалпы алғанда, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мемлекетіміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық жаңғыруын әрі қарай жүргізуге қажетті жағдай жасайды. Осы орайда, қоғамдық індетпен күрес жұмысы еліміздің дамуына серпін беріп, инвестиция тарту әлеуетін де ілгерілетеді. Қорыта айтқанда, Президентіміз атап өткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргізу қоғамда кез келген жемқорлық түрін айыптау мәдениетін қалыптастырады.
Слямжар АХМЕТЖАРОВ,
Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері