Қоғам • 25 Тамыз, 2020

Алматы фельдшерлері жедел жәрдемде жүкті әйелді босандырып алды

588 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Толғақ айтып келмейтіндіктен, өз ауысымдарында Алматыдағы 8 қосалқы станциясының 8/31 бригадасының фельдшерлері Равиль Азизов пен Баратжан Рембакиев сирек қайталанатын жағдайға тап болды. Алайда, медицина қызметкерлері абдырамастан, аяғы ауыр әйелді жедел жәрдем машинасында босандырып алды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы фельдшерлері жедел жәрдемде жүкті әйелді босандырып алды

Яғни, дәрігерлер мен жедел жәрдем фельдшерлері босану актісінің кез келген кезеңіне тап болуы мүмкін. Мұндай жағдайда мамандар өз біліктілігін көрсетуі тиіс болса, жоғарыдағы фельдшерлер сәбидің жарық дүниеге аман-есен келуіне күш салды.

Жүкті келіншек толғағы жиілегендіктен, жедел жәрдем бригадасын шақырды. Фельдшерлер оның жағдайына қарап, тексеріп, оны перзентханаға апармақ болған. Бірақ, нәресте перзентхананы күтпей, жолда жедел жәрдем көлігінде дүниеге келді!

Фельдшерлер кіндігін өздері кескен сәбиді "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына" жеткізді. Акушерлер ана мен баланың жағдайы жақсы деп отыр. Осылайша, жедел жәрдемде бала дүниеге келген сәбидің салмағы – 3 120 кг, бойы – 54 см.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.