Қоғам • 25 Тамыз, 2020

Назарбаев зияткерлік мектептері мақтааралдық оқушыларға сыйлықтар табыстады

838 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жаңа оқу жылы қарсаңында "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының өкілдері NIS ұжымының атынан Түркістан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен екі ауылдың оқушыларына сыйлықтар табыстады,  - деп хабарлайды Egemen.kz.

Назарбаев зияткерлік мектептері мақтааралдық оқушыларға сыйлықтар табыстады

Өргебас ауылында алғашқылардың бірі болып жаңа мектеп формасын Жанар Мамрежепова өлшеп көрді. Сұхбат барысында Жанар сыныптастарымен бірге еліміздің барлық балалары білім алуды армандайтын Назарбаев зияткерлік мектептері жүйесінің қолдауын мақтан тұтатынын жеткізді. Бірнеше мәрте дайындалған сөзінен кейін Жанар барша ұстаздары мен ата-аналардың алдында күтпеген бала арманымен бөлісті, өзінің Күләш Ноғатайқызы секілді педагог әрі басшы болғысы келетінін айтты. Балаларға сыйлық табыстау барысында әсерлі де көңілді күтпеген сәттер көп болды. Әсіресе, НЗМ өкілдерін балаларға өлшем бойынша тігілген киімдердің бірнеше ер балаға үлкен болғандығы таңғалдырды. Кейін олардың аналары мен әжелері балалардың "сәл өскен кезінде" киюлері үшін шақтап бірнеше сантиметрге ұзартып айтқандарын жасырмады.

Мамырдағы Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан кейін Назарбаев зияткерлік мектептері жүйесінің ұжымы  зардап шеккендерге көмек көрсету қорына қаражат аударды. Қайырымдылық науқанына барлық зияткерлік мектептердің ұстаздары мен қызметкерлері, төрт бірдей орталық - педагогикалық шеберлік, педагогикалық өлшеулер, ақпараттық технологиялар, сондай-ақ, орталық аппарат өз үлестерін қосты. Екі ауылға атаулы көмек көрсету туралы шешім қабылданды: Өргебас ауылындағы Қ.Аманжолов атындағы орта мектептің және Жеңіс ауылындағы Қ.Мүсірепов атындағы орта мектептің оқушыларына. Су тасқынынан кейін екі мектептің де ғимараттары қатты зардап шеккен, Өргебас ауылында күрделі жөндеу жұмыстары әлі де жалғасуда, ал Жеңіс ауылының оқушылары қашықтан оқыту жүйесі аяқталған соң жаңа ғимаратта білім алатын болады.

Әрбір ауылда Назарбаев зияткерлік мектептерінің өкілдерін балалар тағатсыздана күтіп, ата-аналар зор қуанышпен қарсы алды.

Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымы жанын салып, уақытпен санаспай сыйлықтарды буып-түйіп, қораптарды тиеп-түсіріп жатты, түн ортасы мектептердің ауласын тәртіпке келтіріп, билбордтар орнатып, алаңдарды безендірді.

Санитарлық-эпидемиялогиялық жағдайға байланысты сыйлықтарды табыстау бірнеше ұстаздар мен оқушының, сондай-ақ, ата-аналар комитетінің өкілдерінің қатысуымен шағын ортада өтті.

8

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Назарбаев зияткерлік мектептерінің жүйесі балаларға атаулы және білім алуларына таптырмас  қолдау көрсету арқылы қуанышқа бөлегенін айтты:

"Мектеп формасы, компьютерлік техника жиынтығы, көркем және әдістемелік әдебиеттер білім беру саласында жаңа оқу жылы қарсаңындағы ең маңызды көмек. Шалбарлар, пенжактар, жейделер, жәкеттер, кеудешелер – барлық мектеп формасы отандық тауарөндірушілерді қолдау мақсатында шымкенттік "SABTEX" ЖШС-да тапсырыспен тігілді", – дейді Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Балқан Қасымов.

Өргебас ауылындағы орта мектептің директоры Дәуренбек Әбдіғали балаларға арналған ноутбуктар мен мұғалімдерге арналған әдістемелік әдебиеттерге ерекше қуанды.

"Мамырдағы су тасқыны, әрине, барша өңір үшін сынақ болды, бірақ әрқайсымыз елмен «Біз біргеміз» екендігімізді жете түсіндік, ал Өргебас ауылының білім беру саласының көшбасшысы Назарбаев зияткерлік мектептерімен достасып ерекше жолы болды. НЗМ-де оқуды балалар ғана армандамайды, мұғалімдер де НЗМ жүйесінде жұмыс жасауды арман етеді", - деді Дәуренбек Әбдіғали.

Өргебас ауылындағы орта меткепте алты баласы білім алатын көп балалы ана Айман Батырбекованың сөзі өте әсерлі болды.

"Үлкен балам жаңа оқу жылында мектеп түлегі атанбақ, ал кенже балам бірінші сыныпқа барады. Зияткерлік мектептердің ұжымына нағыз ұстаздарға ыстық сәлемімді жолдаймын, олар барлығын сөзсіз түсінеді деп ойлаймын", - деді Айман Батырбекова.

7

Қ.Мүсірепов атындағы орта мектептің оқушысы Рүстем Жандостың әжесі Сәрсенкүл Ақтөреева, Күләш Ноғатайқызын Күләш Ноғатайұлы деп атап бірнеше рет жаңылысты:

– Қуаныштан сондай толқып тұрмын... Еліміздің түкпір-түкпірінен сан мыңдаған бейтаныс адам біз үшін қам жеп, балаларымыз бен немерелеріміздің оқуына ең қажет сыйлықтар дайындады. Қуанышымда шек жоқ.

8

"Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова осыншама қиындықтырға қарамастан еліміз білім беру саласына қолдау көрсетіп жатқан кезде өмір жалғасатынын айрықша атап өтті.

"Біз балалардың оқуға қалай шабыттанып, мектепке асыққандарына, ата-аналардың балалары мен немерелерінің білім алуын қалай бағалайтындарына куә болып қайттық. Өргебас және Жеңіс ауылдарындағы мектептермен ынтымақтастықты қолдауды жалғастыратын боламыз", - деді Күләш Шәмшидинова.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.