26 Қазан, 2013

Қостанайлық модель қыз дін басыларының қарғысына қалды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 10-modelҚостанайлық модель қыз Чира Ковальски Алтай тауы жотасындағы «қасиетті ағаш» жанында жалаңаш суретке түсіп, дін басыларының қарғысына ұшырады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Осы көрініске байланысты Алтай республикасының Мәдениет министрі Владимир Кончев өздерінің жергілікті прокуратурасына мәлімдеме жолдап, модель қыздың әрекетін тексеруге ұсыныс жасады. Бұл елдің заңына сәйкес, мұндай заң бұзушылық іске 300 мың рубль көлемінде айыппұл салынады немесе 1 жыл бас бостандығынан айырады екен.

Бұл мәселеге орай Ч. Ковальски Tengrinews.kz порталына сұхбат берген кезінде былай деді: «Бізге жол сілтеген ұйымдастырушыдан Алтай тауы жотасындағы ағашқа ленталардың не себепті ілінгенін сұрадық. Ол сол кезде келген туристердің байлап кеткенін айтқан еді. Сондықтан қасиетті орынды айғақтайтын жазуы бар белгілер орнатылуы тиіс».

Сөзінің соңында модель қыз Алтай өңірінің жергілікті тұрғындарынан және дін басыларынан кешірім сұрауға дайын екенін мәлімдеді.

Бақытбек Кенешұлы.

Соңғы жаңалықтар