Аймақтар • 25 Тамыз, 2020

Түркістан идеясы – ұлы идея

803 рет көрсетілді

Түркістан идеясы – ұлы идея. Түркістанда өткен "Түркілердің төрі Түркістан" онлайн конференциясында сөз алған Түркі академиясының президенті, "Егемен Қазақстан" газеті АҚ-ның басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі осындай пікір айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Түркістанның осыдан екі жыл бұрын облыс орталығы мәртебесін алған кезде бүкіл түркі әлемі қуанды. Түркістанның дамуына Президентіміз де ерекше мән беріп отыр. Ертүріктің бесігі жалпы түркі әлемінің бесігі", – деді ол.

Осы конференцияда Халықаралық Түркі академиясы жарыққа шығарған Халықаралық Алаш сыйлығының лауретаты, жазушы Мархабат Байғұттың "Түркілер төрі Түркістан" атты кітабы таныстырылды. Кітаптың алғыс сөзін Дархан Қыдырәлі жазған. Әл-Фараби, Ясауи сынды адамзат ауқымындағы алыптардың табаны тиіп, ірі руханият пен мәдениеттің бесігі болған киелі өңірдің тарихы мен тағылымын арқау еткен қаламгердің бұл шығармасын түгел түркінің төріне айналған киелі Түркістанға тағылымды тарту болмақ.

Кітаптың құндылығы, елдің, жердің, Түркістанның қасиетін танытудағы маңызы туралы  туралы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті Болатбек Әбдірәсілов, ҚР Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып та атап өтті.

Айта кетейік, бүгін Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, Қазақстан Журналистер одағы және Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалдарының бірлесе ұйымдастыруымен Түркістан қаласында "Түркілер төрі Түркістан" онлайн конференциясы өтті. Аталған шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам адам онлайн жүйесі арқылы қатысты.

Түркістан өңіріндегі тарихи маңызы бар қасиетті жерлерді насихаттаудағы әдеби шығармалардың рөлі, мүмкіндіктері мен әлеуетін жан-жақты талқылау, қастерлі құндылықтарымызды көпшілік аудиторияға әдеби, тарихи және публицистикалық тұрғыда жеткізудің тың жолдарын қарастыру тақырыбында өткен конференция, "Алаш" сыйлығының иегері Мархабат Байғұттың 75 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Елімізге белгілі ғалымдар, қаламгерлер, Сенат, Мәжіліс, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары, облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, аудан, қала әкімдері, сондай-ақ, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінің жазушылары, әдебиеттанушылары қатысып, сөз сөйлеген конференцияда Түркістанның тарихына, оның  мән-маңызына қатысты құнды пікірлер айтылды.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Аруларымыз алты жүлде алды

Спорт • Бүгін, 19:55

Қазақстанға агробанк қажет пе?

Қазақстан • Бүгін, 19:51

Ұқсас жаңалықтар