28 наурыз 2013 жылғы Астана қаласы
Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiнiң кейбір шешімдерінің күшi жойылды деп тану туралы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 21-1-бабының 2-тармағына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрiнiң мынадай:
1) «Жерасты суларының пайдаланылатын қорлары мен болжамдық ресурстарының сыныптамасы (классификациясы)» 1997 жылғы 13 тамыздағы № 99 (Нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеудiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде № 462 тiркелген);
2) «Пайдалы қазбалар қорын өндіруші кәсіпорындар есебінен және мемлекеттік баланстан шығару тәртібі туралы ереже» 1997 жылғы 13 тамыздағы № 99 (Нормативтiк-құқықтық актiлердi тiркеудiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде № 464 тiркелген) бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi (Б.К. Нұрабаев) бiр апта мерзiм iшiнде осы бұйрықтың көшiрмесiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне және ресми баспа басылымдарына жіберсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа
технологиялар министрі Ә.Исекешев.