Абай • 26 Тамыз, 2020

Абайды жаттаған Асылым

895 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дана Абайдың ғибратты қара сөзін жатқа айтатындар көп. Со­ның бірі – Асылым Ізғали. Аты­рау қаласындағы №40 орта мек­тептің 5-сыныбына баратын ол сабақтан тыс уақытта қа­зақ ақын-жазушы­ларының шы­ғармаларын оқығанды ұнатады. Жақында ақынның қара сөздерінен үзінді оқып, сыныптастарына челлендж ретінде жолдады.

Абайды жаттаған Асылым

Ұлы ойшылдың өлеңдері мен қара сөздерін түгелге дерлік жатқа айтады. Қазақ ертегілерін де біледі. Би үйірмесіне қатысады. «Жайық қызы» би ансамблінің құрамында «Қазақстан таланттары» І республикалық рухани-патриоттық байқауына қаты­сып, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталған.

– Абайдың шығармалары – мәңгілік мұрамыз. Алғаш рет ақын шығармаларымен та­ныстырып, көркем сөз оқу­ға баулыған ұстаздарым Айнұр Исағалиева мен Зоя Мең­діға­лиева болатын. Қызылқоға ауданының Қарабау орта мектебінде тарих пәнінен дәріс беретін Ізғали атам ел тарихымен, әдеби шығармалармен кеңірек танысқанымызды қалайды. Әсіресе ұлы ақын Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтып жүрмін, – дейді Асылым Ізғали.

 

Атырау облысы