Туризм • 26 Тамыз, 2020

Биылғы Шымбұлақ... (Туристік сала өкілдері теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте бас қосты)

666 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шымбұлақ тау курортында туризм саласындағы қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар басшыларының кездесуі өтті. Айта кету керек, мұндай кездесу алғаш рет осындай шырқау биіктікте өтіп отыр (теңіз деңгейінен 3200 м).

Биылғы Шымбұлақ... (Туристік сала өкілдері теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте бас қосты)

Кездесуді Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев ашып, бірінші кезекте биылғыдай күрделі жағ­дайда нарықты нығайта отыра бизнес пен мемлекет арасында сындарлы диалог құру қажеттілігін алға тартты.

Бұл басқосудың басты тақы­рыбы таудағы 2020-2021 қысқы маусымға дайындық және ұлт­тық парктерде эко­туризмді дамыту болды.

Шымбұлақтағы жыл бойғы тау курорты тұсаукесерлері бары­сында компанияның бас директоры Ринат Әбдірахманов туроператорлармен бірге пакет­тік ұсыныстарды қалыптас­тыруға ерекше назар аударып, туристік қауымдастықтар басшыларымен курортты одан әрі дамытуды талқылады.

«Тау шаңғысы демалысын ұйымдастыру Қазақстанда келешегі бар бизнес, өйт­кені шетелдік туристердің біз­дің тауларымызға деген қызы­ғу­­шылығы және біздің турис­теріміздің Еуропаның немесе Орталық Азия елдерінің шетелдік тау шаңғы курорттарына деген сұранысы да бар», – дейді Turan Asia LLP директоры Гүлғайша Қасенханқызы.

Айта кету керек, статис­ти­каға сәйкес, тау шаңғысы турисі өз демалысы үшін күні­не орташа есеппен 250 доллар жұм­сайды, ал салыстырмалы түрде жағажайға баратын турист тек 50 доллар жұмсайды.

Кездесудің екінші бөлімі то­лығымен экотуризм және ту­рис­тердің экологиялық сауат­ты­лығын арттыру мәселе­леріне арналды.

«Тамыр» жабайы табиғатта болу мектебінің идеялық жетек­шісі Әсел Исанова туристерді қор­шаған ортаға ұқыпты қарау­ға үйрету жоспарлары туралы айтып берді.

«Біз жұртшылыққа таудағы жүріс-тұрыс ережелерін қоғам­дық дәрістер, ақпараттық турлар, білім беру және шабыттандыратын медиа контент арқылы таныстыратын боламыз. Біздің басты мақсатымыз – адамның табиғатта қауіпсіз болуын, сон­­­дай-ақ табиғатты адамның зиян­ды әрекеттерінен қорғауды қам­­тамасыз ету», деді Әсел Иса­нова.

Әрі қарай спикер мектеп жанынан эко-волонтерлік қоз­ғалыс құрылатынын, оған бір айда 600-ден астам адам тіркелгенін хабарлады. Қозғалысқа қатысушылар арасында мектеп оқушылары мен студенттерден басқа, кәсіби еріктілер, шығармашылық адам­дары, экологтар, биологтар, ақ­параттық технологиялар саласындағы мамандар және басқа да мамандандырылған тұлғалар бар.

«Мен бірлескен іс-әрекет­тердің нәтижесінде парктің лас­тануы, флора мен фаунаның жойылуы, туристік ағындарды реттеу және тағы басқа маңыз­ды мәселелерді шешуге үлкен үлес қоса алатынымызға сенім­дімін», деді Әсел Исанова.

 

АЛМАТЫ