26 Қазан, 2013

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы №452

360 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

14 маусым 2013 жыл Астана қаласы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы

14 маусым 2013 жыл Астана қаласы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы

«Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2 тармағының 11) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті (Б.Б. Мусин):

1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппенҚазақстан РеспубликасыӘділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтыҚазақстан РеспубликасыӘділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпараттарқұралдарында ресми жариялануын, соның ішіндеҚазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және МОИП-да орналастыруды;

3) осы бұйрықтан шығатын басқа шаралардықабылдаудықамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін атқарушы             С.Сарсенов.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452-бұйрығымен бекітілді

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидалары

1. Жалпы ереже

1. Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) көрсетілетін қызметті берушілермен қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізу тәртібін анықтайды.

2. Қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсеті­летін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізудің мақсаты халыққа көрсетілетін мемлекеттікқызметтердің сапасын бақылау, соныменқатармемлекеттік көрсе­тілетін қызметті көрсету сатысы туралы көрсетілетін қызметті берушілерге, халық­қақызмет көрсету орталықтарына, Бірыңғай байланыс-орталығынақызмет беру­ші­лерге жолдануы кезіндеқызмет алушыларды тиісті ақпараттандыру болып табылады.

3. ОсыҚағидада келесі негізгіұғымдарқолданылады:

1) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингілеуге арналған ақпараттық жүйе (бұданәріХҚКО ЫАЖ);

2) ХҚКО ЫАЖ МО АЖО ішкі жүйесіХҚКО ЫАЖ-да мемлекеттік органның автоматтандырылған жұмыс орны.

Осы Қағидада қолданылған басқа ұғымдар мен қысқартулар «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»Қазақстан Республикасының Заңында, «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағынада қолданылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы

туралы ХҚКО ЫАЖ-ға деректерді енгізу тәртібі

4. Қызмет берушіде мемлекеттікқызметті көрсету кезеңі жөнінде ХҚКО ЫАЖ-ға деректер енгізуүшін көрсетілетін мемлекеттікқызметтер есебі жүргізілетін ақпараттық жүйесі бар болған жағдайда, қызмет берушіҚазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 26 тамыздағы 365 бұйрығымен бекітілген (нормативтікқұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5783 болып тіркелген) Мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерін пайдалану және олардыңөзара іс-қимыл жасау ережелеріне сәйкесөзінің ақпараттық жүйесін ХҚКО ЫАЖ-мен ықпалдастыру жүргізеді.

5. Қызмет берушіде мемлекеттікқызметті көрсету кезеңі жөнінде ХҚКО ЫАЖ-ға деректер енгізуүшін мемлекеттікқызметтер есебі жүргізілетін ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда уәкілетті органқызмет берушілерге ХҚКО ЫАЖ МО АЖО ішкі жүйесін орнатуды жүзеге асырады.

6. Қызмет берушінің ақпараттық жүйелерінде мемлекеттік қызметтің нәтижесін алуға қызмет алушының өтінімі бойынша мемлекеттік қызметті көрсетудің келесі кезеңдері ХҚКО ЫАЖ-да тіркелу және жіберілу қажет:

1) қызмет алушыдан қабылданды;

2) орындауға жіберілді;

3) жұмысқа қабылданды;

4) орындалды (өтінім бойынша жұмыстар аяқталды);

5) берудің болжалы;

6) жабылды (берілді немесе бас тартылды).

7. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңін жіберу бойынша қызмет берушінің ақпараттық жүйесінің ХҚКО ЫАЖ-мен әрекеттесуі кезінде қызмет алушының өтінімінің келесі мәліметтерін жіберу орындалады:

1) қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

2) жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

3) Мемлекеттік қызмет атауы;

4) өтінімнің қабылдау орны;

5) өтінімнің қабылдау күні;

6) орындаушы;

7) өтінімді орындаудың жоспарлы күні;

8) орындаудың күні;

8. ХҚКО ЫАЖ-да мемлекеттік қызметті көрсету кезеңі жөніндегі мәліметтер қызмет беруші уәкілетті органның электронды сандық қолтаңбамен куәландырылады.

9. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушының тікелей ХҚКО ЫАЖ МО АЖО ішкі жүйесі орнатылған қызмет берушіге жолданымы жағдайында, қызмет алушының өтінімі ХҚКО ЫАЖ МО АЖО ішкі жүйесінде қызмет берушінің жұмыскерлерімен тіркелуі қажет. Қызмет алушының барлық өтінімдерінің өңдеу және жабу мезгілдері қызмет берушімен ХҚКО ЫАЖ ішкі жүйесінде тіркелуі қажет. Осы кезде қызмет алушының өтінімінің өту кезеңі туралы ақпарат автоматты тәртіпте ХҚКО ЫАЖ-ға келіп түседі.

ХҚКО ЫАЖ МО АЖО ішкі жүйесінде өтінімнің тіркелуі және орындалу кезінде қызмет берушінің жұмыскерлерінің іс-қимыл реттігінің сипаттамасы ХҚКО ЫАЖ техникалық құжаттамада көрсетілген.

10. Қызмет алушының өтінімі қызмет берушінің ақпараттық жүйесінде немесе ХҚКО ЫАЖ МО АЖО ішкі жүйесінде тіркелуі кезінде өтінімді қабылдау нақты күні бекітіледі, сонымен қатар мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің жоспарлы күнін автоматты түрде есептейді.

Қызмет алушының өтінімін одан арғы өңдеуі және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кезінде қызмет алушының өтінімінің барлық кезеңдерінің өтілу нақты уақыты көрсетіледі.

11. Қызмет алушының өтінімінің жоспарлы орындалу күні мен нақты орындалу күні сәйкес келмеген жағдайда автоматты түрде мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі өткені есептеледі.

12. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган ай сайын мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылау және бағалау бойынша уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер стандартымен бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсетуді орындау мерзімдерін орталық мемлекеттік органдармен, олардың ведомстволарымен, аймақтық бөлімдерімен және ведомстволық ұжымдарымен, жергілікті атқарушы органдармен, қызмет берушілермен бұзушылықтар саны туралы ХҚКО ЫАЖ арқылы талдамалық есеп береді. Талдамалық есепте мемлекеттік қызметті көрсетудің бекітілген мерзімін бұзушылық саны, мемлекеттік органдар және мемлекеттік қызметтер бөлігіндегі бұзушылық мерзімі көрсетіледі.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 3 шілдеде Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8555 болып енгізілді.

Соңғы жаңалықтар