Әлем • 26 Тамыз, 2020

Әлемдегі ең бай адам анықталды

1021 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдегі ең бай адам - Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос тарихтағы алғашқы миллиардер болды, оның байлығы 200 миллиард доллардан асты. Бұл туралы Egemen.kz Forbes журналына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлемдегі ең бай адам анықталды

Сәрсенбідегі рейтинг көрсеткіштеріне қарай, миллиардердің байлығы 199,7 миллиард долларға бағаланды. Бұл Джефф Безос үшін жаңа рекорд. Оның көрсеткіші шілде айының басынан бастап тұрақты түрде өсіп келеді. 

Бұл жағдай Amazon акциялары құнының тұрақты өсуіне байланысты болып отыр. Сейсенбі күні акциялар құны 1,18 пайызға, бір данасына 3346,49 долларға дейін өсті, ал компанияны капиталдандыру 1,68 триллион долларға дейін жетті.  Forbes басылымының хабарлауынша, Джефф Безос  Amazon акцияларының 11,1 пайызының иегері. Сондай-ақ ол 2017 жылдан бері Forbes-тің ең бай адамдарының рейтингінде көш бастап келеді.

Amazon – Канада, Қытай, Бразилия, Жапония және Еуропа елдерінде жұмыс істейтін әлемдегі ең ірі компанияның бірі.  Amazon.com интернет-дүкені 1995 жылдың шілдесінен бері жұмыс істеп келеді.

Айта кетейік, Джефф Безос бұған дейін 2 шілдеде 2018 қыркүйектегі алдыңғы рекордын жаңартқан еді. Ол кезде миллиардердің байлығы 172 миллиард долларды құраған.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.