Қоғам • 26 Тамыз, 2020

Алматыда көпбалалы аналар өз өнімдерін сата алатын дүкен ашылды

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Түрксіб ауданында "Isker ana" дүкені ашылды. Бұл жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылды. Дүкенде көпбалалы және аз қамтылған отбасылар аналарының қол жетімді бағамен сататын өнімдері қойылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда көпбалалы аналар өз өнімдерін сата алатын дүкен ашылды

"Бақытты отбасы" орталығында көпбалалы аналар жаңа кәсіп түрін игеріп, қолжетімді гранттардың арқасында өз бизнесін аша алатын мүмкіндікке ие. Бұл дүкен — өнімді барлығы бірдей тұтыну үшін өткізуге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, барлық өнім "Іскер ана" Оқу орталығында дайындалады. Ол "Бақытты отбасы" орталығы базасында жұмыс істейді. Орталықта тігін және киіз шеберханалары бар. Люневиль кестелері, құрак-көрпе, тоқыма, ұлттық киім тігу бойынша оқыту курстары өткізіледі. Ағымдағы жылдың тамыз айында, ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жаңа жабдықтар орнатылып, техникалық жабдықтау кеңейтілді.
Естеріңізге сала кетейік, "Іскер ана" Оқу орталығында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың аналары, мүмкіндігі шектеулі әйелдер бизнес және маркетинг бойынша оқыту курстарынан өтуде.

Осы жылы Алматыда "Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру аясында, 117 көпбалалы және 574 аз қамтылған аналарға өз бизнесін ашу және бизнес-идеяларды іске асыру үшін 200 АЕК-ке дейін гранттар берілді.

Дүкен — Сүйінбай даңғылы, 263-үй мекенжайында, ыңғайлы көлік логистикасы бар, жалпыға қолжетімді жерде орналасқан.