Аймақтар • 26 Тамыз, 2020

Алматыда сумен қамтудың инженерлік желілерін салу бойынша 33 жоба іске асырылуда

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалаға қосылған ықшамаудандар тұрғындарын сумен қамту және судан бөлудің орталықтанған жүйесіне қосуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар туралы хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда сумен қамтудың инженерлік желілерін салу бойынша 33 жоба іске асырылуда

Бүгінгі күні Алатау ауданындағы "Самғау" мен "Ақбұлақ" ықшам ауданында, Медеу ауданына қарасты "Думанда", сондай-ақ Алмалы ауданындағы Аренский көшесінде (25-30 үй) сумен жабдықтау және су бұрудың инженерлік желілерін жүргізу бойынша жұмыстар аяқталды. Қазір желіде суды іске қосу процесі жүріп жатыр (сығымдау, кесу). Тұтынушылар "Алматы су" мекемесімен шарт жасасып, желілерге қосылуы қажет.

Жыл соңына дейін Алатау ауданындағы "Шапағат", "Алғабас", "Өжет" ықш.-да, Бостандық ауданына тиесілі "Көкшоқы", Медеу ауданы бойынша «Көлсай», Түрксібке қарасты "Қайрат" және Жетісу ауданындағы "Кемел" ықш.-ны мен Қазыбаев көшесінде (1 мың үй) сумен жабдықтау және су бұру бойынша инженерлік желілердің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Бұлардан өзге, жыл соңына дейін Алатау ауданындағы Томирис, Шаңырақ-2, Ұлжан-1 ықшамаудандарында кәріздік сорғы стансаларын (КСС) салуды аяқтау жоспарланған.

Осылайша, Алматы тұрғындарын сумен қамтудың орталықтанған жүйесіне қосу 98%-ды немесе шамамен 1 878 500 адамды құрайтын болады.