Жаңа оқу жылы жақындаған сайын ата-аналардың мазасы кете бастайды. Биыл баласы мектеп табалдырығын алғаш рет аттайтын ата-аналардың көңілдері екі есе күпті болғандықтан, уақыт оздырмай, шешіп алуы тиіс мәселелелер шаш етектен.

Бұл күндері ата-аналардың ортақ чаттарында дау-дамай, түсініспеушілік жағдайлар жеткілікті. Мемлекеттік мектептердің күйі осындай болып жатқанда, жекеменшік білім ордаларының да өз мүдделері көріне бастады.
Қазір Қазақстанда 182 жекеменшік мектеп бар, онда 50 мың оқушы оқиды. Жекеменшік мектептерде 10 мыңнан аса педагог пен 4 мың қызметкер еңбек етеді. 2018 жылдан бері Қазақстандағы жекеменшік мектептерге 62 мектеп қосылса, Алматыда – 61 мектеп, Нұр-Сұлтанда – 22, Шымкентте – 17, Қазақстанның басқа қалаларында 82 мектеп тіркелген.
Осы мақалаға түрткі болған екі бірдей баспасөз мәслихатында көтерілген мәселелерді баяндамас бұрын, пандемия басталғалы бері Қазақстанда коронавирус инфекциясын 2500-дей бала жұқтырғаны, оның ішінде 111 сәби бар екеніне тоқтала кеткен жөн. Бұл туралы «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрайымы Риза Боранбаева ресми мәлімдеген болатын. Осындай жағдайда қашықтан және дәстүрлі дәріс беру, сабақ өткізуге қатысты өтініштер, көзқарастар қайшылығы, тілектер, ұсыныстар легі толастамай тұр. Әр ата-ана жағдайды өзіне қарай бейімдегісі бар. Нәтижесінде «кезекші сыныптар» ашу туралы шешім қабылданып отырғанын білеміз.
Ата-аналар Білім және ғылым министрінің де сөзін жақсы біліп отыр. «Жаңа оқу жылында оқыту үрдісі қалай жүргізілетіні туралы таяуда ғана шешім қабылдағанымызды білесіздер. Шешім мынадай: жаңа оқу жылының І тоқсанында 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқиды. Алайда кейбір ньюанстар бар. Атап айтқанда, алыс ауылдардағы шағын жинақты мектептерге дәстүрлі түрде оқуға рұқсат береміз. Алайда ол ауылдардың өзінде біздің балалар мен педагогтерге ешқандай қауіп болмауы тиіс, – деген министр бастауыш сыныптарға дәстүрлі форматта оқу мүмкіндігі берілетінін жеткізді. – Қашықтан оқыту форматында ерекше қажеттілігі бар, аз қамтылған отбасылардың балаларына оңай тие қоймайтыны анық. Үшінші мәселе айналып келіп бастауыш сыныптардың оқыту жұмысына тіреледі. Сол себепті «кезекші сыныптар» деген енгізілді. Ол не? Бастауыш сыныпта (1-4 сынып) оқитын баласы бар ата-ана баласын дәстүрлі түрде мектепте оқытуға өтініш бере алады. Онда оқушыларға ондай мүмкіндікті беруге дайынбыз», деді Асхат Аймағамбетов.
Сондай-ақ министр дәстүрлі білім беру барысында нақты шектеу шаралары қандай болатынына қатысты: «Біріншіден санитарлық-эпидемиялық талаптар қатаң сақталуы керек. Әдетте бір сыныпта 20-25, тіпті үлкен қалаларда 40 балаға дейін отырады. Осыған байланысты ата-аналарының өтінішімен І тоқсанда дәстүрлі форматта оқитын сыныптағы кабинетте 10-15 баладан артық отырмауы керек. Яғни бір сыныптың өзі топтарға бөлінеді. Екіншіден осы сыныптарға қоңыраулар әртүрлі уақытта соғылады. Үшіншіден дене қызуы тұрақты түрде өлшеніп, балалардың денсаулығы қатаң бақылауға алынады. Ата-аналарға мектеп аумағына кіруге тыйым салынады. «Бір мұғалім – бір сынып» қағидаты енгізіледі. Әдетте ағылшын пәнін оқытарда басқа мұғалім келеді. Алайда бұл жерде ондай болмайды. Бастауыш сыныптың мұғалімі ғана сабақ өткізеді. Дәстүрлі форматта оқытуға болады деген күннің өзінде сабақтың жартысын біз қашықтан оқыту форматына ауыстырамыз. Ағылшын тілі, мәселен қашықтан оқытылады», деді.
Осылайша, ұсыныстары министрдің шешімімен сәйкес келген еліміздегі жекеменшік мектептердің мүддесі де оңай шешілгендей болып отыр. Өйткені балалары жекеменшік мектептерге баратын ата-аналардың өз алаңдаушылықтары бар болатын. Өйткені оқу жылы басталғанда балаларын үйде қалдыру мүмкін емес. Ал жекеменшік мектептердің басшылары атынан сөйлеген «Аlpamys School» ағылшын моделі негізінде құрылған мектеп директоры Динара Құдайқұлова егер санитарлық дәрігерлер келіссе, кез келген форматына бейімделе алатынын айтады. Себебі белгілі, ата-аналардың көпшілігі жұмыс істеуге мәжбүр. Бәрінің бірдей бірінші сынып оқушыларына «екіге екіні қосқанданы» үйрететін әжесі жоқ, яки әке-шешесі жұмысқа кеткен жоғары сынып оқушысы сабақ басталғаннан кейін ұйықтамайтынына көз жеткізіңіз. Ата-аналар да, мұғалімдер де келтірген тағы бір уәжі – байланыс сапасының төмендігі. Интернеттегі сабақтарда мектептер қолдана бастаған платформалар жиі істен шығады немесе дер кезінде жүктемейді.
TAMOS Education-ның бірлескен құрылтайшысы және директоры Дәурен Қаупынбаев қашықтан оқыту барысында бірнеше келеңсіз жағдайға тап болғанын, сабақ беру барысында орта жолда бейтаныс адамдар онлайн арқылы оқу процесіне қосылып, сабақтың үзілгенін айтты. «Демек Zoom-дағы бейне-конференциялар қауіпті болып шықты, сонымен қатар олар тікелей байланысты алмастыра алмайды», деді Дәурен Каупынбаев.
Айналып келгенде, жекеменшік мектептер оқушыларынан айрылып қалудан қорқады. Өйткені балаларын мемлекеттік мектептерге ауыстыру үшін кейбір ата-аналар төлемдерді қайта есептеуді және қайтаруды сұрап отыр.
Ал «Архимед» мектебінің негізін қалаушы және директоры Архимед Ысқақов: «Меніңше, қыркүйектен бастап жекеменшік мектептерде қашықтан білім беру жалғасын табатын болса, онда оқушылардың 50%-дан 66%-ы мемлекеттік мектептерге ауыса алады. Ата-аналар қазір жағдайдың аңысын аңдып отыр», дейді.
Сондықтан жеке мектептер штаттық режімде жұмыс істеуге мүмкіндік беруді өтініп отыр. Ата-аналар қауымдастығының атынан сөйлеген Ольга Ким ата-аналар балалардың денсаулығы үшін жауапкершілікті өз мойындарына алуға, тиісті құжаттарға қол қоюға дайын екенін айтады. «Ата-аналардың 80%-ы балалардың offline режімде оқығанын қалайды, өйткені тікелей байланыс қажет әрі білім сапасы онлайн режімінде оқытудан зардап шегеді. Сонымен қатар көптеген ата-аналар өз бизнесін жандандыру үшін жұмысқа шығуы керек, олар балаларын жалғыз қалдыра алмайды», дейді ол.
Қысқасы, жекеменшік мектептердің құрылтайшылары мен директорлары ата-аналар қауымдастығының пікірін ескере отырып, оқушылар үшін жекеменшік мектептерде барлық қатаң санитарлық шараларды қамтамасыз етуге дайын екендігін білдірді. Кейбір жеке мектептерде қосымша медициналық қызметкерлер қабылданған.
Республикалық Жекеменшік білім беру ұйымдары қауымдастығының төрайымы Роза Садықова қауымдастыққа осылайша оқушылардың ата-аналарынан өтініштер келіп түсіп жатқанын, өздерінің бұл өтініштерді назардан тыс қалдыра алмайтынын айтады. Бұл қауымдастық 2006 жылы құрылған, Қазақстандағы мемлекеттік және жекеменшік білім беру құрылымдары арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. РЖББҚ жұмысының нәтижесінде экономиканың осы секторындағы қазіргі жағдайдың жай-күйін талдауға мүмкіндік беретін мәліметтер алынады.
«Оқушының күні бойы мектепте болуы – жеке мектепті таңдаудың маңызды өлшемі болған еді. Өз кезегінде жекеменшік мектептер барлық санитарлық талаптарды қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Осы сәтті ескере отырып, қауымдастық Қазақстан Үкіметінен жеке мектептерге штаттық режімде жұмыс істеуге рұқсат беруді сұрайды», дейді Р.Садықова.
Айналып келгенде жекеменшік мектептер өз «клиенттерін» сақтап қалу үшін бәріне де дайын екендіктерін білдіріп отыр. Яғни сыныптардағы оқушылар санын 10-15 адамға дейін азайту, оқушыларды сыныптарда барлық нормаларды сақтай отырып отырғызуды қамтамасыз ету, пәнаралық үзілістерді әртүрлі уақытта жасау, қызу өлшеу, желдету, кварцтау және ылғалды жинау режімдерін сақтау және күшейтуді ұсынып отыр. Дегенмен мұның барлығы баланың денсаулығын қорғауға 100 пайыздық кепілдік бола ала ма? Жекеменшік мектепке баратын бала да, мемлекеттік білім ордаларында оқитын бала да – бала.
Қазіргі таңда жаппай дерлік қашықтан білім беруге көшуге пандемиялық жағдай мәжбүрлеп отырғаны белгілі. Алайда дистанциялық білім беруді жаһандық індетсіз-ақ жолға қойып алған елдер бар. Интернеттің заманында бұл шалғайда, алыс елді мекендерде тұратын жандар үшін баласының қатарынан қалмауына берілетін жақсы мүмкіндіктің бірі.
Қазақстанда тұрып, тамағын ішіп, тіршілігін осында жалғастырып отырып-ақ, он шақты жылдан бері балаларын ресейлік білім платформаларында қашықтан оқытуды бастап кеткендер де кездеседі. Қысқасы, елден шықпай-ақ баласына көрші мемлекеттің аттестатын алып береді. Балаларын пандемиясыз-ақ, қашықтан «Ресейде» оқытып жатқан елімізде 1 мыңдай әке-шеше бар екен. Сондықтан олар да қарап қалмай, шетелдерде қашықтан білім алуды заңдастыруды сұрап отырған жайы бар. Біз бұл тақырыпқа да келеміз.
Ендігі жерде, жекеменшік мектептер оқушыларын қалай сақтап қала алады? Бұл олардың оңтайлы қадамдарына тәуелді іс. Бірақ мұның барлығы да бала өмірінен қымбат емес.
АЛМАТЫ
«Bi Global» компаниясының жоба жетекшісіне айыппұл салынды
Елорда • Бүгін, 17:31
Аида Балаева халық алдында есеп береді
Қоғам • Бүгін, 17:26
Түркістан облысында бетон шығаратын зауыттың іргетасы қаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:15
«Новая волна-2021»: Қазақстан атынан кім өнер көрсетеді?
• Бүгін, 17:00
Бас мүфти жетім балаларға жәрдемдесті
Қоғам • Бүгін, 17:00
Сенат Төрағасы Ресей Елшісімен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 16:39
Президент отандық вакцина өндірісін арттыруды тапсырды
Президент • Бүгін, 16:37
2,4 млн теңге пара алып, 72 миллион теңге айыппұл төледі
Қоғам • Бүгін, 16:35
Атырауда жолаушылар автобусы аударылды
Аймақтар • Бүгін, 16:26
Ұлыбритания Қытайдан «Шыңжаңдағы геноцидті» тоқтатуды талап етті
Әлем • Бүгін, 16:14
БҚО-да мәслихат депутаты коронавирустан қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 16:01
Спутник-V мен Qaz-Vac вакцинасы ауруды қоздыра алмайды – Манар Смағұл
Коронавирус • Бүгін, 15:41
Қазақстан құрамасы Косовомен жолдастық матч өткізеді
Футбол • Бүгін, 15:38
Тұтынушыны ұрып өлтірген дәмхана иесі сотталды
Аймақтар • Бүгін, 15:32
Алматыда жүк көлігі мен автобус соқтығысты
Оқиға • Бүгін, 15:30
Жеті боксшымыз жартылай финалда жұдырықтасады
Спорт • Бүгін, 15:21
Елімізде қашан күн жылынатыны айтылды
Ауа райы • Бүгін, 15:09
Дулыға Ақмолда: Менің ешкімге ұқсағым келмейді
Өнер • Бүгін, 15:00
Қоғам • Бүгін, 15:00
Сенаторлар агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелерін талқылады
Парламент • Бүгін, 14:48
Нұр-Сұлтанда тағы бір аула клубы ашылды
Елорда • Бүгін, 14:29
Аралда есірткіні заңсыз тасымалдағандар жазаларын қоғамдық жұмыс арқылы өтеуде
Аймақтар • Бүгін, 14:09
Жүзушілеріміз Беларусь елінде қос күміс алды
Спорт • Бүгін, 13:42
Nur Otan-да ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойына дайындық барысы талқыланды
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 13:27
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:04
Ақмола облысы «қызыл аймаққа» қайта енді
Аймақтар • Бүгін, 13:00
Мемлекеттік хатшы: Фермерлер өткізу нарықтарына делдалсыз шыға алатын болуы тиіс
Үкімет • Бүгін, 13:00
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясында тағы бір кадрлық тағайындау болды
Тағайындау • Бүгін, 12:45
Алматыда тағы бір сауда орталығына жарылғыш зат қойылды
• Бүгін, 12:43
Мергендер Италияда сайысқа түседі
Спорт • Бүгін, 12:36
Экономика • Бүгін, 12:30
«Ashyq» қосымшасына тіркелген нысандар демалыс күндері де жұмыс істейді
Елорда • Бүгін, 12:13
ЕҰУ мен Оңтүстік Калифорния университетінің профессорлары бірлескен конференция өткізді
Қазақстан • Бүгін, 12:10
Алматылық санитарлар бюджеттен қаржы жымқырған
Аймақтар • Бүгін, 12:00
Кибералаяқтар СҚО тұрғынын 2 миллион теңгеге алдады
Аймақтар • Бүгін, 11:50
Алматыдағы сауда үйлердің біріне жарылғыш зат қойылған
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Нұрлан Нығматулин: Салық заңнамасын жетілдіру Мәжілістің басты назарында
Қазақстан • Бүгін, 11:38
Елордада карантин талабын сақтамаған 734 мекеме анықталды
Елорда • Бүгін, 11:30
Ла-Суфриер жанартауы атқылап жатыр
Әлем • Бүгін, 11:29
Билік өкілін қорлаған азамат қоғамдық жұмысқа жегілді
Қоғам • Бүгін, 11:24
АҚШ Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдайды
Қазақстан • Бүгін, 11:18
Президент отандық вакцинаны әзірлеген ғалымдарға алғыс білдірді
Президент • Бүгін, 11:15
Қазақстанда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 11:09
Биыл мүгедектігі бар 5,4 мың адам жұмысқа орналасты
Қоғам • Бүгін, 10:57
Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:52
23 cәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:46
Бұрымдыларымызға бас жүлде бұйырмады
Спорт • Бүгін, 10:31
130-ға жуық босқын Жерорта теңізіне батып кетті
Әлем • Бүгін, 10:30
Семей қаласының әкімі қанша жалақы алатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 10:09
Шиелі ауданының 42 жастағы тұрғыны алғаш рет төлқұжат алды
Қоғам • Бүгін, 09:55
Елордада жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады
Қоғам • Бүгін, 09:53
Энтони Блинкен: АҚШ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдайды
Саясат • Бүгін, 09:41
Қазақстанда 32 адам коронавирустан қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:35
Петропавлда есірткі зертханасы анықталды
Аймақтар • Бүгін, 09:20
2 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:19
Теңіз жаяу әскерлері жас сарбаздармен толықты
Қоғам • Бүгін, 09:18
Төрт боксшымыз бас жүлде үшін таласады
Спорт • Бүгін, 09:09
Елімізде бір тәулікте 2307 адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:06
Өскемен, Семей, Аягөз – «қызыл аймақта»
Аймақтар • Бүгін, 08:45
Қыран қанатында қалықтаған жыр
Руханият • Бүгін, 08:43
Руханият • Бүгін, 08:39
Электронды коммерцияны дамытуға бағытталған жоба
Экономика • Бүгін, 08:36
Қайырымды істер марафоны жалғасуда
Руханият • Бүгін, 08:33
АҚШ климаттың жылынуына алаңдаулы
Әлем • Бүгін, 08:30
Индонезияда сүңгуір қайық жоғалып кетті
Әлем • Бүгін, 08:29
Жаңа терминал инвестициялық әлеуетке серпін береді
Экономика • Бүгін, 08:25
Мемлекет кепілдігімен кәсіп ашқан ана
Қоғам • Бүгін, 08:21
Руханият • Бүгін, 08:15
Ұқсас жаңалықтар