Қоғам • 27 Тамыз, 2020

Ата-аналар жиналысы өтті

2545 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елімізде жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық аясында мектептер ата-аналар жиналысын өткізді. Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері ата-аналарға оқу жылының қалай басталатынын егжей-тегжейлі түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.

Ата-аналар жиналысы өтті

Онлайн жиын барысында сынып жетекшілері оқушылардың ата-аналарына қазіргі пандемия жағдайында мектептің қандай оқыту форматын таңдағанын түсіндірді. Жаңа оқу жылы қашықтан білім беру форматында басталады. Ата-аналардың тілектері мен өтініштері бойынша бас­тауыш сынып оқушылары мектепке барып оқи алады. Бұл ретте білім алушылар мен педагогтердің дене қызуы күн сайын өлшенетін болады. Кезекші сыныпта созылмалы аурулары жоқ балалар ғана білім ала алады (өтініште көрсетіледі). Бір сыныпта оқушы саны 15-тен аспайтын болады. Өтініштерді сынып жетекшілері қолжетімді байланыс құралдары арқылы қабылдайды. «Кезекші сыныпқа» қабылдау 25 тамызда басталады.

1

Бұдан бөлек, санитарлық-эпи­­демиялық жағдайы қолайлы ауыл­дық елді мекендерде оқу процесі са­нитар­лық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, дәстүрлі форматта жүргізіледі.

Ата-аналар балаларды мектепке алып келіп, үйіне өзі алып кетуі керек. Кезекші сыныптарда сабақтың ұзақтығы 40 минутты құрайды. Сабақ­тар арасындағы үзілістер әр сыныпқа әртүрлі уақытта беріледі. Әрбір екінші сабақтан кейін кабинеттерде және әр үзілістен кейін, ауысымдар арасында, дәліздерде, ылғалды тазарту жұмыстары жүргізіледі. Мектеп асханасы мен буфеттің қызметі уақытша тоқтатылды.

Білім беру ұйымдары зарарсыз­дандыруға арналған құралдармен, аяқ киімді зарарсыздандыруға арналған кілемшелермен, санитайзерлермен қамтамасыз етіледі.

Мектеп формасына қойылатын талаптар жойылмайды, бірақ тиісті бұйрыққа уақытша өзгерістер ен­гізіледі. Яғни ата-аналар жаңа оқу жылында (1 қыркүйектен бастап 25 мамырға дейін) баласын мектепке мектеп формасымен немесе басқа ыңғайлы киіммен жіберуге қатысты шешімді өзі қабылдайды.

Шағын жинақты мектептерде оқитын оқушылардың ата-аналарына да санитарлық шараларды сақ­­тау қажеттілігі туралы айтылды. Сондай-ақ балалары қашықтан оқи­тын ата-аналар үшін білім беру плат­формаларының мүмкіндіктері көр­сетілді. Айта кетейік, Білім және ғылым министрлігі қандай да бір білім беру интернет-платформасын таңдауға қатысты шешім қабылдамайды. Әрбір мектеп қашықтан оқытуды ұйым­дастыруға негіз болатын интернет-платформаны өзі таңдайды.

1

Өткен оқу жылының төртінші тоқсанындағыдай, дүйсенбіден жұмаға дейін «Балапан» және «Ел-арна» республикалық телеарналарында қосымша білім беру ресурсы ретінде пайдалану үшін телесабақтар көрсетілетін болады.

Сонымен қатар карантиндік және шектеу шаралары жағдайында 1-11(12) сыныптарда оқу жетістіктерін бағалау жүйесіне қатысты уақытша өзгерістер енгізілді. Жаңа оқу жылында тоқсан сайын бөлім үшін 1 жиынтық жұмыс және тоқсан үшін 1 жиынтық жұмыс жүргізіледі. Тоқсандық бағалау күн­делікті бағалау, БЖБ және ТЖБ көр­сеткіштері негізінде шығарылатын болады.