27 Қазан, 2013

Павлодарда пара алған мектеп директоры сотталды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 10-paraПавлодар облысындағы қалалық №2 соттың шешімімен пара алғаны үшін облыстық кадеттік мектеп-интернаты директорының міндетін атқарушы айыпты деп танылды. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.

Интернаттың басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін екі жылға бас бостандығынан айрылған және мемлекеттік қызметтің кез келген лауазымынан үш жылға шеттетілді.
Баланы оқуға қабылдау үшін оның ата-анасынан ақша талап еткен. Ал ата-ана қаржы полициясына шағымданады. Қаржы полициясының қызметкерлері мектеп-интернат директорының міндетін атқарушыны пара алған жерінен қолға түсірді. Оның бұл әрекеті Қылмыстық кодекстің 311-бабының 1-тармағы бойынша қаралды.

Бақытбек Кенешұлы.

 

Соңғы жаңалықтар