Оқиға барысында анықталғандай, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Самара-Шымкент трассасының 1479 шақырымында Армения Республикасынан Алматы қаласына бағыт алған «IVECO» жүк автокөлігіне тиелген плинтустар аяқ асты жанған. Оқиға орнына №9 өрт сөндіру бөлімінің 4 қызметкері дереу жетіп, көліктің толық жануына жол берілген жоқ. Олар өртті 16 сағат 38 минутта оқшаулап, 17 сағат 00 минутта толық сөндірді. Автокөлік иесі 1951 жылы туылған Армения Республикасының азаматы екендігі өрт сөндірушілерге алғысын жеткізді.
Қазір өрттің шығуы себебі мен шығыны анықталуда.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.