28 Қазан, 2013

АҚШ Манас әуе базасын Қырғызстанға қайтарады

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 10 - AKW bazaАҚШ 2014 жылдың шілде айында Манас әуе базасын Қырғызстан үкіметіне қайтарып беретін болды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

АҚШ қарулы күштері көлік командасының басшысы Уильям Фрейзердің айтуы бойынша, АҚШ қорғаныс министрлігі Манас халықаралық әуежайындағы транзиттік тасымалдау орталығынан көшу процесін бастады және 2014 жылдың шілде айында барлық нысандар мен алаңдарды Қырғызстан үкіметіне тапсырып бітуді көздеп отыр. «Біз Қырғызстан үкіметінің Манас әуе базасына қатысты іскерлік келісім шартты тоқтату жөніндегі шешімін сыйлаймыз. Бішкектің АҚШ қарулы күштеріне көрсеткен қолдауын жоғары бағалаймыз», – деді ол.

Пентагон осы айда АҚШ-тың Манас базасындағы операцияларын тоқтататыны жөнінде хабарлаған еді. Сол кезде АҚШ әскери басқармасының ресми өкілі подполковник Кэти Уилкинсон АҚШ күштерінің Манас базасынан кетуіне байланысты, Ауғанстандағы әскери операциялар енді Қара теңізде орналасқан, Румынияның Констанца қаласы маңындағы Михаил Когэлничану атындағы әуежайынан жүргізілетінін мәлімдеді.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар