28 Қазан, 2013

Павлодарда тағы бір жасөспірім жоғалып кетті

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 10-PavlodarПавлодар облысында жоғалып кеткен Анастасия Шарипованы осымен бесінші тәулік іздестіруде. Ішкі істер департаменті қаза болуы мүмкін деген болжаммен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы «Жетінші» телеарна хабарлады.

«Құқық қорғау қызметкерлеріне ауыл тұрғындары да көмектесуде. Сондай-ақ жоғалып кеткен бүлдіршінді әуеден бақылайтын парапланермен іздестіру үстіндеміз»,-дейді облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің маманы Алма Мұсабекова.

Осыдан бірер күн бұрын 8 сынып оқушысы А. Шарипованың жоғалып кеткені туралы бұқаралық ақпарат құралдарында әрқилы дерек жарияланды. Соның бірінде оның дүйсенбіде сабақтан шығып, үйіне бет алғаны айтылған болатын. Әзірге баланың нақты қайда бағыт алғаны жөнінде тиянақты дерек жоқ. Анастасияның суреті облыс көлеміне ілініп, оны іздестіруге 200-ге тарта тәртіп сақшысы жұмылдырылды.

Бақытбек Кенешұлы.

Соңғы жаңалықтар