
Францияның президенті Франсуа Олланд бұл елдің күллі тарихындағы ең беделі төмен, халық арасына ықпалы аз тараған президенті болып отыр. Бұл туралы әлеуметтік сауалдамалар мәліметтеріне сүйене отырып Reuters хабарлады.
Франция басшысының соңғы бір жылдағы халық арасындағы беделі бұрынғы 30 пайыздан 26 пайызға дейін түскен. Агенттік осыған орай мұның осыған ұқсас әлеуметтік сауалдамалар тарихындағы ең төменгі көрсеткіш екенін атап өтеді. Сұралғандардың 84 пайызы Олланд үкіметі саясатының жұмысы тиімсіз екеніне сенімді болса, 74 пайызы оның әділ емес екенін қоса көрсетеді. Тұтастай алғанда, елдегі салық үлесінің кқтерілуіне, жұмыссыздық деңгейінің көбеюіне, сондай-ақ үкіметтің иммиграциялық саясатына наразы болып отыр.
Сәкен Майлыбай.