Коронавирус • 28 Тамыз, 2020

Коронавируспен ауырған науқастарда қайта асқыну байқалған

2184 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Коронавирустан айыққан қазақстандықтарда аурудың асқыну белгілерін байқала бастады. Емханаларға коронавирустан айығып, бірақ басқа ауруларға шалдыққан адамдардың қарасы көп, деп жазады  Egemen.kz Инфорбюро агенттігіне сілтеме жасап.

Коронавируспен ауырған науқастарда қайта асқыну байқалған

Әлемдік дәрігерлер коронавирустың ұзақ мерзімді салдарын зерттеп жатыр. Сарапшылар  коронавирустың белгілері бірнеше айға дейін сақталуы мүмкін екенін бұған дейін де ескерткен болатын. Көптеген науқастардың иіс және дәм сезу рецепторлары уақыт өте келе ғана қалпына келгенмен, бұрын байқалмаған дерт белгісі мазалай бастаған.  

Британдық неврологтардың деректеріне сүйенсек, коронавирус ми мен орталық жүйке жүйесіне зақым келтіріп, психоз, паралич, инсульт тудыруы мүмкін. Сондықтан коронавируспен ауырған науқастар бір жыл бойы дәрігерлердің бақылауында болады. Өзін жайсыз сезінген әрбір науқас, учаскелік дәрігерін шақыртуы керек. 

Медицина докторы, иммунолог Алмас Шарман әлемдік тәжірибеде  дерттің кез келген түрінен құлан-таза айығып шыққан азаматтардың денсаулығын қалыпқа келтіру орталықтары жұмыс істейтінін айтады. Бұл  А.Шарманның айтуы бойынша мемлекеттің қатаң бақылауында тұрған міндеттердің бірі болуы керек.

"Ковид толыққанды зерттелмеген дерт түрі. Бірақ оның ағзаның ең әлсіз тұсына шабуыл жасайтын дерт түрі екені байқалып қалды. Ковидтен айығып шыққан науқастардың басым көпшілігі, демікпемен қоса, жүрек, буын ауруларының белгісі мазалайтынын айта бастады. Сол себепті Қазақстанда адам денсаулығын қайта қалыпқа келтіру орталықтарын ашып, оны қажетті технологиямен қамтамасыз ету керек. Қазір соңғы технология адамның ағзасы аурудың қандай кезеңінде тұрғанын, ал қай кезде оның әсері сыртқа сезілетінін анықтап беретін технология жетеді. Осындай технология түрімен тек ақылы түрде ем көрсететін емханаларды ғана емес, бағасы қол жетімді немесе халыққа тегін көрсететін аурухана мен емханаларды да қамтамасыз ету керек. Халықтың денсаулығын жалпыға міндетті скрингтен өткізуді осыдан бастау керек. Біз сол кезде ғана көптеген дерт түрінің алдын ала аламыз" дейді әңгімесінде.

А.Шарманның айтуынша, ковидтен жазылып шыққан азаматтарды оңалту орталықтары оларға тыныс алу жолдары жаттығуымен шектеліп қалмауы, тұтастай кешенді зерттеулер   керек. Біз бұл міндеттерді бүгін қолға алмасақ, күні ертең қанша адамның денсаулығынан айырылып, еңбекке жарамсыз болып қалатынын білмейміз. Себебі елдегі ковид вирусы анықталғандар ПЦР тестен өткендері ғана.         

"Денсаулық сақтау министрлігі асқынулардың салдарын зерттейтінін хабарлады. Ол үшін ұзақ мерзімді зерттеулер қажет. Зейнетке шығудың алдында ұрған адамдарға үлкен қауіп төнуде. 

"Шамамен 350-400-ге жуық қазақстандықтарды медицина қызметкерлері анықтады. Емханаға бармаған адамдар мен симптомсыз ауырғандарды да ескеру қажет", - дейді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі  Бағдат Қожахметов.  

Дәрігерлер иіс және дәм сезу рецепторларының қалпына келетініне сенімді. Індеттен кейінгі тағы бір жағымсыз салдар, тамырларда тромбтардың пайда болуы мен қанның ұйымауы, ол тромбоэмболияға немесе өлімге әкеліп соғуы мүмкін.

Коронавирустың салдарын азайту үшін дәрігерлер реабилитологтардың бақылауымен күнделікті тыныс жаттығуларын жасауға кеңес береді.