29 Қазан, 2013

Сайлау заң талаптарына сай өтті

311 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясы 27 қазанда еліміздің 14 өңі­рінде 72 сайлау округіндегі шығып қалған мәслихаттар де­пу­тат­­тарының орнына сайлау өткізудің нәтижесін жария етті.

Сайлау науқанының нәти­же­сінде облыстық, Астана қала­сының 18 қалалық және 36 аудандық мәслихаттарының де­путаттары сайланған-ды. ОСК баспасөз хатшысы Венера Жек­сембекованың сөзіне қарағанда, додаға қосылған 244 кандидаттың 77-сін саяси партия­лар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынса, ал қалған 167-сі өзін өзі ұсынғандар. Солардың тек 185-і кандидат ретінде сайлау бюллетеньдеріне енгізілсе, орташа бәсекелестік бір депутаттық мандатқа 2 кандидаттан келгені белгілі болып отыр.

Осы ретте дауыс беру 547 сайлау учаскесінде өткенін айта кету керек. Сайлаушылар тізіміне 478 344 адам енгізілсе, дауыс беруге солардың 338 016-сы қатысыпты. Бұл жалпы республикалық көрсеткіш бойынша сайлаушылардың 70,7 пайызы қатысты дегенді білдіреді. Сондай-ақ, дауыс беру барысы мен санақ рәсімін кандидаттардың 347 сенім білдірілген адамы, саяси партиялардың 281 өкілі, қоғамдық бірлестіктердің 109 өкілі және бұқаралық ақпарат құралдарының 76 өкілі байқағаны да айтылмай қалмады.

ОСК баспасөз хатшысының сөзіне қарағанда, сайланған мәслихат депутаттарының құрамы бойынша 52-сі (72,2 пайызы) ер адам болып отыр. Ал сайланған әйел депутаттар – 20 адам (27,8 пайыз). Сайланған депутаттардың орташа жасы 47-ні құрайды. Облыстық және Астана қаласы мәслихаттарының орташа жасы 51 жас болса, аудандық мәслихаттар депутаттарынікі – 47, ал қалалық мәслихаттар депутаттарынікі – 45 жас. 67 депутаттың жоғары білімі бар екен. Мамандығы бойынша алар болсақ, сайланғандардың 19-ы инженер (26,4 пайыз); 13-і экономист (18,1 пайыз) көрінеді. Бұдан басқа депутаттар қатарында 10 (13,9 пайыз) оқытушы, 8 (11,1 пайыз) дәрігер, 5 (6,9 пайыз) ауыл шаруашылығы маманы (агрономдар, мал дәрігерлері және бас­қалары) бар болып шықты. Сонымен қатар, депутаттар арасында 5 (6,9 пайыз) заңгер, 6 (8,3 пайыз) басқа мамандық иелері болса, бір адам өз мамандығын көр­сетпепті. 5 сайланған депутаттың орташа арнаулы білімі бар екен. В.Жексембекованың мәліметінше, науқан сайлау заңнамасы талаптарына сай өткен. Орталық сайлау комиссиясына 4 арыз келіп түссе, соның барлығына Орталық сайлау комиссиясының заңгерлері нақты жауаптар қайтарған.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар

Қала көркіне айналмақ эко-парк

Экология • Бүгін, 13:23