29 Қазан, 2013

Астанаға тез жетесіз

247 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

25 қазанда Атырау қаласында жүру жиілігі бір күнге қысқарған «Астана-Атырау» жаңа пойызының екінші құрамын салтанатты түрде қарсы алды.

Астана вокзалының перронынан 24 қазанда «Астана – Атырау» қатынасымен жүретін жаңа жүйрік пойыз жолға шықты. Келесі күні ол мұнайшылар астанасына келіп жетті. Жалпы, жолда жүру уақыты Астанадан Атырауға дейін 22 сағат 57 минутты және қайтарда 22 сағат 15 минутты құрайды. Пойыз 27 вагоннан тұрады, оның ішіндегі 22 вагоны жолаушыларды тасымалдауға арналған.

«Экспресс» филиалының директоры Шамиль Қожабеков айтқандай, «Тұлпар-Тальго» вагондары жоғары жайлылығымен ерекшеленеді, Қазақстанның ауа райына бейімделіп әзірленген арнайы жаңа технологияларды қолдана отырып жеңіл конструкциядан жасалған.   Оларда орталықтандырылған энергиямен қамтамасыз ету, ауаны қалыпқа келтіру жүйелері, қауіпсіздікті бақылаудың электр жүйесі бар. Сонымен қатар, олар биоәжетханаларды вакуумдық тазарту жүйесімен де жабдықталған.

– Жайлылығы мен жақсы қызмет көрсетуді ерекше атап өткім келеді, – дейді Атырау қаласының тұрғыны, жолаушы Бібігүл Тапалова. – Мен плацкарт вагонымен келдім, маған өте ұнады. Барлық тұрмыстық жағдайлар көзделген. Кілем төселген, жылы, жайлы. Тағы бір артықшылығы – жылдамдығында. Енді Астанаға барып қайтуға мен аз уақыт жұмсаймын, және де ең бастысы, жайлы жол жүремін. Ал осы жолғы сапарым тек қана жақсы әсер қалдырды. Отанымызда пойыздар жасалып, шығарылатыны қандай жақсы болды. Темір жол басшыларының адамдар үшін жағдай жасап отырғаны сезіліп отыр.  

Вагондар «Жолаушылар тасымалы» АҚ жылжымалы құрамын жаңарту және техникалық ресурсын арттыру бағдарламасын іске асыру аясында сатып алынды. Осы аталған бағдарламаға сәйкес Астана қаласындағы «Тұлпар-Тальго» зауытында 2014 жылға дейін 420 жолаушылар вагоны жасалатын болады.

Амангелді ЗАМАНБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар

Қала көркіне айналмақ эко-парк

Экология • Бүгін, 13:23