Қазақстан • 29 Тамыз, 2020

Қазақстан делегациясы ТАССР-дің 100 жылдық мерейтойына арналған шараға қатысуда

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан делегациясы ТАССР-дің 100 жылдық мерейтойына арналған шараға қатысуда. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды. 

Қазақстан делегациясы ТАССР-дің 100 жылдық мерейтойына арналған шараға қатысуда

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазан қаласына жұмыс сапары аясында Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесті.

Р.Минниханов Қазақстан делегациясын: "Қош келдіңіз! Исәмесез?", деп қарсы алды. 

Аида Балаева Татар АССР-дің 100 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысуға шақырғаны үшін республика басшылығына алғысын білдіріп, Қазақстан мен Татарстан арасындағы қарым-қатынастардың шынайы достық сипатын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, бүгін Татарстан Республикасына жұмыс сапары аясында Ақпарат министрі Татарстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі Минтимер Шаймиевпен кездесу өткізді. Бұдан басқа, сапар барысында АҚДМ басшысы" Татмедиа" республикалық баспасөз және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің басшылығымен кездеседі. Қазақстан делегациясы Қазандағы тарихи-мәдени маңызы бар бірқатар нысандарды аралап, Татар АССР-нің 100 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шараларға қатысады.