Руханият • 29 Тамыз, 2020

Ыбырай әңгімелері аудио форматта жарық көрді

484 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты Ыбырай Алтынсарин, Жүсіпбек Аймауытұлы, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгірұлы секілді қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шағын әңгімелерін аудиоформатта ұсынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Ыбырай әңгімелері аудио форматта жарық көрді

Жоба жетекшісі, Ruh.kz порталының Бас редакторы Азамат Байғалиұлының айтуынша, жаңа форматта жарық көрген шығармалар қазіргі уақытта үлкен маңызға ие болып отыр:

– Әр түрлі оқиғалардың куәгері болып жүрміз. Әсіресе адамдардың бір-біріне қатігездік, қиянат жасап жататын жағдайлары аз емес. Ал, әдебиет – ардың ісі, тәрбие мәселесінде маңызды рөл атқаратын білесіздер. Сондықтан да обал-сауап, адамды сүю, құрметтеу, өмірге деген сенім мен құштарлықты арттырып, қоғамды еңбекке баулуға шақыратын шығармаларды аудионұсқада ұсынуды жөн көрдік, – деді А.Байғалиұлы.

Шығармаларды Қазақ Радиосының ардагері, ҚР мәдениет қайраткері Аманжан Еңсебайұлы дыбыстаған. Оларды порталдың YouTube желісіндегі арнасынан тамашалап тыңдауға болады.

Аудио жазбаларды жыл соңына дейін еліміздегі ЖОО-на, жалпы білім беретін орта мектептерге тарату жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше