29 Қазан, 2013

«Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз»

992 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Осындай атпен елордада тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі жандардың республикалық конкурсы өтті

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен республикалық байқау түрлі номинациялар бойынша өрбіді. Аймақтық іріктеу кезеңдерімен алғанда төрт айға жуық уақытта кіл мықтыны анықтаған бұл сынның нүктесі Астанада қойылды. Үш күнге созылған думанды доданың жеңімпаздары елордадағы Тәуелсіздік сарайында өткен гала-концертте марапатталды. Аталмыш шараға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова келіп, байқауда бағын сынаған барша жұртқа деген алғысын жеткізді.

Осындай атпен елордада тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі жандардың республикалық конкурсы өтті

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен республикалық байқау түрлі номинациялар бойынша өрбіді. Аймақтық іріктеу кезеңдерімен алғанда төрт айға жуық уақытта кіл мықтыны анықтаған бұл сынның нүктесі Астанада қойылды. Үш күнге созылған думанды доданың жеңімпаздары елордадағы Тәуелсіздік сарайында өткен гала-концертте марапатталды. Аталмыш шараға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова келіп, байқауда бағын сынаған барша жұртқа деген алғысын жеткізді.

Байқауда барын салып, қазы­лар алқасының оң бағасын алған жеңімпаздарға келсек, олар – он номинация бойынша үздік деп танылғандар. Жеңімпаздар түрлі жастар аралығында болды. «Кәсібінің үздігі» сайысында Бақыт Балғымбекова (Ақмола облысы), Гүлмейрам Сражова (Ақтөбе облысы) үздік деп танылса, «Үздік би» номинациясында Сандуғаш Ақанова мен Ерлан Нұрмағамбетов (Павлодар облысы), «Юность» би тобы (Қостанай) және Жанат Жалғас (Ақтөбе облысы) өздеріне тең келер биші жоқ екендіктерін дәлелдеді. Ал «Ақылдылар» сы­нында Дина Сәдуақасова (Пав­лодар облысы), Дамир Самар­ханов (Шығыс Қазақстан облысы) өздерін ерекше қырла­рынан танытса, Мейрамгүл Ғалиева (Батыс Қазақстан облысы) «Үздік студент» атанды.

«Үздік туынды» фото конкурсында Әлібек Төлегенов (Шығыс Қазақстан облысы), Назым Бекжүнісова (Алматы облысы), Ерлан Сметовтің (Жамбыл облысы) бағы жанса, «Алтын қалам» иелері болып, Олжас Байдолдаұлы (Алматы облысы), Қуаныш Ауғанбаев (Жамбыл облысы), Нұрмұхаммед Әбілқасым (Қызылорда облысы) танылды.

«Ең үлгілі отбасы» сыны да жиылған жұртты қызықтырмай қоймады. Мұнда бірінен бірі өткен отбасылар өз шеберліктері мен үлгілі қасиеттерін көрсетіп бақты. Нәтижесінде Павлодар облысынан келген Краснощеко отбасының бағы жанып, бірінші орынды иеленді.

«Үздік әлеуметтік жоба» қорытындысында Әйгерім Дәулетбаева (Жамбыл облысы) мен Әсия Ахтанова (Алматы қаласы) дара шықса, Нұрхан Көбеев (Атырау облысы), Әсел Құлжанова (Павлодар облысы) және Марат Әлиасқаров (Шығыс Қазақстан облысы) «Үздік орындаушылар» қатарынан көрінді. Олардың концертте шырқаған әндері тыңдарманын тамсандырмай қоймайтындай еді.

Спорттағы жетістіктерімен көзге түскен өрендер де бұл конкурстан сырт қалған жоқ. Сайыста барын салған саңлақтар ішінен Ғабит Есжанов (Жамбыл облысы) «Үздік спортшы» номинациясының жеңімпазы атанды.

Мүмкіндігі шектеулі аза­мат­тарға арналған аталмыш конкурста жеңімпаз атан­ған­дардың барлығы да 350 мың теңге көле­мінде ақшалай сыйлық­тар­мен мара­патталса, қалған жүл­де­гер­лер де сыйлықсыз қалмады.

«Бәріміз бірдейміз – кемсіту­ді білмейміз» атты алғашқы рес­пуб­ликалық сайысы қоғам назарын мүгедек жандардың мәселелеріне аударуға, сонымен бірге, оларға деген қарым-қатынас пен қоғамға деген түсінікті өзгертуге, мүгедектерді қоғамның өзге де топтары секілді барлық мүмкіндіктерін жан-жақты танып, мойындауға бағытталған», – дейді шараны ұйымдастырушылар.

Республиканың өнерлі деген ұл-қызын жинап өткізілген алғашқы конкурс жоғары дең­гейде өтті. Енді осы игі бастама өз жалғасын таба берсе екен дейміз...

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар

Қала көркіне айналмақ эко-парк

Экология • Бүгін, 13:23