Елорда • 29 Тамыз, 2020

Елордада 80-ге жуық ойын-сауық орны карантин режімін бұзды

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Карантинге байланысты мейрамханалар мен кафелер 23:00-ге дейін жұмыс істей алады. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Елордада 80-ге жуық ойын-сауық орны карантин режімін бұзды

Есіл ауданындағы екі мейрамхана мен бір түнгі клуб карантин кезеңінде белгіленген жұмыс кестесін бұзды. Аудандық полиция өкілдерінің айтуынша, 28 тамызда жұма күні мобильді топтың рейді кезінде "Метис" және "Шордич" мейрамханалары, "Аура" түнгі клубы келушілерді 23:00-ден кейін қабылдағаны анықталған.

"Біз көпшілікке арналған орындардың карантин режімін бұзуы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының еріктілерімен бірге рейдтік іс-шара өткізіп жатырмыз. Мысалы, карантин талаптарын бұзған - Тұран, 2 көшесінде орналасқан "Алания" ("Аура") караоке-түнгі клубы. Меншік иесі 425 бап бойынша бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бақылау тексерісі кезінде тағы бір факт анықталды", деді Мейірбан Өтеп, Есіл аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы.

Осы ойын-сауық мекемелерінің иелеріне қатысты жиналған материалды процессуалдық шешім қабылдау үшін тауарлардың сапасын бақылау және қауіпсіздігі бөліміне жіберу жоспарланған.

Бас санитар дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы қаулысы шыққаннан соң, елордада 78-ге жуық заң бұзушылықтар анықталды.

Еске салайық, қазіргі уақытта карантинге байланысты мейрамханалар мен кафелер жұмыс күндері түнгі 23:00-ге дейін жұмыс істей алады. Демалыс күндері келушілерді тек далада қабылдауға рұқсат етіледі. Бұл ретте қоғамдық тамақтандыру орындары 30 орыннан аспауы тиіс.