Әлем • 30 Тамыз, 2020

COVID-19:Ауыздықтау шаралары

235 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Worldometer халықаралық еріктілер тобының деректері бойынша вирус планетадағы 25,16 млн адамға жұғып, 846 772 адам көз жұмып, 17,5 млн жан сауығып шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz

COVID-19:Ауыздықтау шаралары

COVID-19 жер бетінен кеткісі келмейтіндей. Латын Америкасындағы мемлекеттерге, АҚШ пен Индия сынды тырнағын қатты батырған вирус кәрі құрлық Еуропаны да кезіп жүргеніне біраз уақыт болды. Алғашқы болып SARS-CoV-2-ден  ауыр соққы алған Италия жұртшылығы қай жағынан да есеңгіреді. Өздігінен COVID-19-дың зардабын жеңе алмайтын болғандықтан Еуропалық Одақ көмек беретін басты бенефициарға айналды. Испания да жағдай мәз болмай, сыртқы туризмнен қомақты қаражат жиятын елге барыс-келістің тоқтауы қазынадағы қаражатты кемітіп, түбек жұртын абдыратып тастады. Әшейінде туристерден арылмайтын Каталония мен Арагон кәсіпкерлерінің бизнесі тоқырады. Барлар мен мейрамхана, отельдер, жағажайлар мен музейлер, көрсең көз суаратын сұлу табиғат адам табанының ізін аңсап қалды. Дегенмен, Еуропа жұртшылығы жаз шықса саяхаттамай отырмайды.

Еуропалықтардың пандемия шарпуы аздау-ау деген елдерге барып, демалып қайтуы, жүріс-тұрыстың өсуі соңғы уақытта SARS-CoV-2-нің қайта жандануына жол ашқандай. Сол себепті кейбір елдер ауруды ауыздықтайтын шараларды күшейтуге мәжбүр болды. мәселен, Германия үкіметі халық көп жиналатын шаралардың барлығын жылдың аяғына дейін тоқтатуды қажет деп санайды. Венгрия билігі де 1 қыркүйектен бастап шетел азаматтары үшін шекарасын бекітуге шешім қабылдады. Енді 1-нен бастап шетелдіктер Венгрияға аса елеулі себеп барлығын дәлелдемесе кіре алмайды. Бұған қоса сырттан келген өз азаматтары да екі апта бойына оқшаулануы тиіс. Немесе вирусқа қарсы екі талдамасының қортындысында вирус жоқтығы туралы анықтама тапсыруы тиіс.