Әлем • 30 Тамыз, 2020

Үндістан "Кавказ-2020" атты әскери жаттығуға қатыса алмайды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

COVID-19-ға байланысты Үндістанның  "Кавказ-2020" атты әскери жаттығуға қатыспайтын болғаны жайлы елдің Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Twitter-де жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

Үндістан "Кавказ-2020" атты әскери жаттығуға қатыса алмайды

COVID-19 тудырған қиындықтарға, соның ішінде логистикалық тұрғыдағы кедергілерге байланысты  Үндістан мен 6 ел – Қытай, Мьянма, Иран, Пәкістан және Ресей бірлесе өткізуді жоспарлаған жаттығуға қатыса алмайды.

Елдің қарулы күштерінің 3 түрлі әскерінің 200 сарбазы қатысады деген жаттығу енді Үндістансыз, 5 елдің әскерімен өткізіледі.

Ресей тарапы Үндістан әскерінің қалыс қалатыны туралы алдын ала хабарландырылды дейді ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025