Спорт • 30 Тамыз, 2020

Зайнутдинов ЦСКА-мен бірге жеңіске жетіп, алғашқы сары қағазына да ие болды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Мәскеудің ЦСКА командасының сапында екінші матчын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі.

Зайнутдинов ЦСКА-мен бірге жеңіске жетіп, алғашқы сары қағазына да ие болды

Ресей премьер-лигасының алтыншы тур асында Грозныйда өткен «Ахмат» пен ЦСКА арасында матчта Зайнутдинов екінші тайм бастала сала (46-минутта) жартылай қорғаушы Тикнизянды алмастырып, алаңға шықты. Жерлесіміз алаңда белсенді ойнағанымен, қақпаға гол соға алмады. Бірақ, қарсылас команда ойыншысының аяғын басып кеткені үшін ойынның 84 минутында сары қағаз алды.

Осымен жерлесіміз армияшылар сапында екінші рет алаңға шығып отыр. Ол бұған дейін бесінші тур аясында «Краснодар» командасына қарсы кездесуде ойынның 54 минутында алаңға шыққан болатын.

Бұл кездесу 3:0 есебімен ЦСКА-ның пайдасына шешілді. Ойынның 11 минутында – Константин Кучаев, 88 минутта – Кристиан Бистрович, 90 минутта Никола Влашич гол соғып, ЦСКА-ның биылғы маусымдағы алғашқы ірі жеңісіне қол жеткізді.

6 ойыннан кейін 10 ұпай жинаған ЦСКА турнир кестесінде 10-орыннан бірден 5-орынға көтерілді.