Қоғам • 31 Тамыз, 2020

Жұмыс берушілер тізімді жаңартып отыруы тиіс

279 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы 2020 жылдың 1 қазанына дейін МӘМС үшін жарна төлеуден, аударым жасаудан босатылған қаладағы шағын және орта бизнес субъектілерінің қарамағындағылар жүйеде медициналық сақтандырылған мәртебесін сақтап қалуы үшін әр айдың 25-не дейін жұмыскерлері туралы мәліметті жаңартып отыруы қажеттігін еске салады.

Жұмыс берушілер тізімді жаңартып отыруы тиіс

2020 жылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы жарналар мен ауда­рымдарды төлеуден боса­тылған кәсіпорындар жұмыс­керлерінің 64,8%-ның ақпарат­тары жаңартылмаған. Егер жұмыс беруші деректерді енгіз­бесе, қыркүйек айында ШОБ қызмет­керлерінің бір бөлігі жү­йе­де сақтандырылмаған болуы мүм­кін деген қауіп бар.

«Елордамыздың шағын және орта бизнес субъектілеріндегі жұмыс берушілер өз қызмет­керлері үшін жауапты екендерін түсінуі қажет. Олардан осы кә­сіпорындардағы қызметкерлер сақтандырылып, МӘМС жүйе­сінде барлық қажетті медици­налық көмектерді алуы үшін жұ­мыскерлерінің тізімдерін үнемі жаңартып отыруын сұраймыз. Осы бағытта «Атамекен» ҰКП, Мемлекеттік кіріс комитеті жә­не олардың аймақтардағы ұйым­­дарымен бірлесе отырып, ақпа­раттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз», дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Айнагүл Дәулетшина.

Естеріңізге сала кетейік, алгоритмге сәйкес жұмыс беруші әр айдың 25-не дейін мына сілтемеге https://msb.fms.kz/login өтіп, БСН бойынша тізімнен өз ұйымын тауып, заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің ЭЦҚ көмегімен Қордың ақпараттық жүйесіне тіркеліп, пайдаланушы келісіміне қол қоюы керек. Бұдан әрі МӘМС төлемдерін төлеуден босатылған қызметкерлердің ЖСН-ін (Excel-де бір файлмен немесе әр қызметкерді жол­ма-жол) қосады. Кейіннен дерек­терді қайта енгізудің қажеті жоқ, оны тек жаңартып отыру керек. Ақпарат ай сайын Мемлекеттік кірістер комитетіне беріледі.

Егер шағын және орта би­з­нес субъектісінің қызмет­кері өз мәртебесінің сақтанды­рылмағанын білсе, онда ол деректерді Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы өзі жібере алады. Электронды мекенжайын, тегін, ЖСН, телефон нөмірін көрсете отырып, ШОБ субъектісінің атауын, жұмыс бе­рушінің БСН/ЖСН-ін көрсете отырып, өтінішті ресімдеу және еңбек шартын немесе тағайындау ту­ралы бұйрықты қоса тіркеу қа­жет. Деректер сәйкестігі рас­талған қызметкерге бір айға уа­қытша мәртебе беріледі. Алай­да қызметкер өзі туралы мәлімет­терді ақпараттық жүйеге енгізу қажеттілігі туралы жұмыс берушіге ескертуі керек.