Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Үсен Сүлейменнің төрағалығымен «Адам өлшемі бойынша үнқатысу алаңы» Консультативті-кеңесу органының бесінші селекторлық мәжілісі болып өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.
Ол Қазақстандағы демократияны дамыту мәселелеріне арналды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Үсен Сүлейменнің төрағалығымен «Адам өлшемі бойынша үнқатысу алаңы» Консультативті-кеңесу органының бесінші селекторлық мәжілісі болып өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.
Ол Қазақстандағы демократияны дамыту мәселелеріне арналды.Шараның күн тәртібіне мынадай мәселелер енді: Қазақстан Республикасының демократиялы сайлаулар стандарттарын қамтамасыз ету, өз елін басқару және азаматтардың сайлау құқықтарын сақтау туралы халықаралық міндеттемелерін орындауы; сайлау заңнамасын жетілдіру мен жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту.
Негізгі баяндамаларды күн тәртібінің бірінші пункті бойынша Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Марат Сәрсембаев пен «Echo» ҮЕҰ президенті Павел Лобачев, екінші пункті бойынша Еуропадағы сайлау үдерістері бойынша маман Василий Климаков пен «Әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Олеся Халабузарь жасады.
Басқосу қорытындысы бойынша азаматтық қоғам өкілдері мен Қазақстанның ресми адамдары жан-жақты пікір алмасып, тиісті орындарға ұсынымдамалар дайындап жолдады.