Түркістан облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков жеке құрамды ҚР-ның Конституция күнімен құттықтап, қызметін адал атқарып жүрген қызметкерлерді марапаттады. Тарқатып айтар болсақ, кезектен тыс полиция подполковнигі арнаулы атағы бірқатар полиция майорлары Айжан Куленова, Досмаханбет Абдраманов пен Ерғали Оспановқа, ал кезектен тыс полиция майоры арнаулы атағы полиция капитаны Арнұр Сұлтанқұловқа берілді.
Сонымен қатар “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен полиция капитаны Бекжан Дошманов пен полиция подполковнигі Мухамедали Турганбаевқа, ал ІІ дәрежелі “Ішкі істер органдарының үздігі” омырау белгісімен полиция майоры Қанат Жұрқабаевқа табысталды. Оған қоса ҚР ІІМ-нің алғыс хаттарымен жеті полиция қызметкері мадақталды.
Өз кезегінде қызметте қырағылықпен көзге түсіп, марапаттарға ие болған полицейлерге полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков құттықтау сөзін айтып, қызметтерінде бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізетіндеріне үлкен сенім білдірді.