Аймақтар • 31 Тамыз, 2020

Ақтөбеде жол-көлік оқиғасынан 2 адам көз жұмды

3443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 тамыз күні сағат 02:13-те Ақшат кентінің маңындағы "Ақтөбе – Солтүстік айналма" автожолында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы орын алды. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Ақтөбеде жол-көлік оқиғасынан 2 адам көз жұмды

17 жастағы жігіттің басқаруындағы "Ямаха" маркалы мотоцикл жүргізушісі Ақшат кенті жағынан "Ақтөбе – Солтүстік айналма" автожолының 10 шақырымындағы Солтүстік айналма көпіріне қарай келе жатып, көлік басқаруға құқығы жоқ адам бола тұра, кедергі немесе қауіп туындаған кезде кедергіні қауіпсіз айналып өту үшін жылдамдықты төмендету шараларын қолданбаған салдарынан атты қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде кәмелетке толмаған жүргізуші мен 18 жастағы жолаушы қыз бала алған жарақатынан есін жимастан, оқиға орнында көз жұмды.

Осыған байланысты облыстың ПД қайтыс болған балалардың ата-аналарына көңіл айта отырып, ата-аналарына (заңды өкілдеріне) кәмелетке толмағандардың көлік құралдарын жүргізуші куәлігінсіз басқаруына жол бермеуге және балалардың түнгі уақытта болуын бақылауға алуға кеңес береді.