US Open додасында Қазақстаннның бес теннисшісі өнер көрсетуде. Атап айтсақ, әлемнің 17 ракеткасы Елена Рыбакина WTA тізімінде 107 орында тұрған украиналық Катарина Завацкаямен кездесті. Юлия Путинцеваға (33 ракетка) да жеребе жеңіл түсті. Тұсаукесер кездесуінде ол есімі көпшлікке беймәлім америкалық ару Меган Монтгомериден (597 ракетка) емтихан алды. Бүгін Зарина Диас АҚШ-тың тағы бір өкілі Бернарда Перамен шеберлік байқасады. Бұл қос теннисшінің деңгейлері шамалас. Бұл күндері Зарина дүниежүзілік рейтингте 66 орынға жайғасса, Бернарда отандасымыздан бес саты жоғары тұр.
Ал ерлер додасында әлемнің 51 ракеткасы Александр Бублик АТР рейтингінде өзінен алты саты жоғары тұрған ұлыбританиялық Кайл Эдмундпен күш сынассса, Михаил Кукушкин (90 ракетка) мажарстандық Аттила Балашпен (76 ракетка) кездесті.