29 Қазан, 2013

Елбасы бастамасының тұсаукесері

240 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бангкок қаласында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы – «АТОМ» жобасының тұсаукесері болып өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Тұсаукесердің БҰҰ күні­­мен тұспа-тұс келуінің ны­­шан­­дық мәні бар. Өйт­ке­ні,­ бүгінде бүкіл әлем Қа­зақ­­станның ядролық қару­сыз­­дану саласындағы ай­тар­лықтай үлесін мойындап үлгерді. 2009 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы консенсустық негізде Қазақстан ұсынған қарарды қабылдап, 29 тамызды «Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні» деп белгіледі. 1991 жылы дәл сол күні еліміздегі Семей ядролық сынақ полигоны жабылған болатын.

Шараны Қазақстан Рес­публикасының Тайланд Ко­рольдігіндегі елшілігі ұйымдастырды. Оның барысында «Сталинге сыйлық» деп аталатын тақырыптық фильмнің көрсетілімі болды.

Тұсаукесерге Тайланд ми­нистрліктері мен ведом­ство­ларының басшылығы, парламент, БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхит үшін Эко­номикалық және әлеу­меттік комиссиясының өкіл­­­дері, Тайланд ком­па­ния­­ла­рының, үкіметтік емес ұйымдарының басшыла­ры, қоғамдық-саяси қай­рат­кер­лері, дипло­ма­тия­лық корпус және жетекші Тайланд БАҚ-тарының жур­налистері қатысты.

Шарада Қазақстанның Тайландтағы елшісі Марат Есенбаев құттықтау сөз сөй­леді. Ол қатысушыларға Қа­зақстанның ядролық қару­сыздану саласына қосып отырған үлесі мен «АТОМ» жо­басы туралы әңгімелеп берді. Қазақстандық дипломат меймандарды еліміздің халықаралық қоғамдастықпен бірлесіп, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының зардаптарын жою бойынша күш-жігерінен хабардар етті. Сонымен қатар, ядросыз әлем құрудағы «АТОМ» жобасының маңызын атап көрсетті.

Шара қатысушылардың ешқайсысын бейжай қал­дыр­ған жоқ. Олардың барлығы Қазақстан басшылығының осы бағыттағы бастамаларына қолдау сөздерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар