29 Қазан, 2013

Академияны дамыту – маңызды міндет

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында қоғамдық ұйым мәртебесін алған 10 жылдан бергі кезеңдегі Ұлттық ғылым академиясының одан арғы қызметінің мәселелері қаралды.

Қазақстан Президенті бұл мәртебенің берілуімен бірге, академияның тиімділігі артып, ғылыми қызметті жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болғанын атап өтті.

– Академияның ірі техникалық жобаларға, ғылыми-зерттеулер мен тәжірибелік-құрас­ты­рушылық жұмыстарға сараптама жасаумен, Phd докторлық дәрежесін беру үшін диссертациялық кеңестер құрумен, ірі ғылыми конференциялар мен симпозиумдар өткізумен айналысқаны пайдалы болар еді деп ойлаймын. Бұл оның дамуының жаңа маңызды кезеңі болған болар еді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

М.Жұрынов Қазақстан ғылымы постке­ңес­тік кеңістікте бірінші болып батыстық даму үл­гісіне көшкенін және оның келешектегі даму перспективаларын Мемлекет басшысымен бірге талқылаудың өте пайдалы болғанын айтты.

Суреттерді түсіргендерС.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар