Аударма • 31 Тамыз, 2020

Берлиндегі көше 20 жылдан бері Абай Құнанбайұлының есімімен аталады

604 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Берлиндегі көше 20 жылдан бері Абай Құнанбайұлының есімімен аталады, деп хабарлайды Egemen.kz

Берлиндегі көше 20 жылдан бері Абай Құнанбайұлының есімімен аталады

Алмания астанасында Абай атындағы көше бар. Осы көше 20 жылдан бері қазақтың ұлы жазушы һәм ағартушы есімімен аталады. Көше атын өзгерту рәсімі оңайға соқпағанын неміс саясаткерлері де тілге тиек етіп отыр. 2000 жылдардың басында өткен акция барысында жазушы есімі оқырмандардың жадында мәңгі сақталып қалды. Себебі, Гете шығармаларын қазақстандықтар да оқып тани түсті.

Панков ауданының бұрынғы мэрі, Алекс Любовинский: "Маған көшенің атын өзгерту туралы айтқан кезде, бұл идеяны құптадым. Өйткені Абай мен Гете – екі ұлттың көрнекті жазушылары. Оның үстіне Абай Гетенің шығармаларын аударды. Мен Қазақстанмен ортақ бір нәрсе болуы керек деп шештім. Сол ортақ дүние көше болды. Абай көшесінің ашылуы әлі есімде. Ресми түрде рәсім өткізіліп, онда елшіліктегі Ерік Асанбаев екеуміз осы көшені ресми ашылу рәсімін аштық. Сол күні Абай аударған өлеңдер қазақ тілінде оқылғанда, дүйім жұрттың көзінен жас төгілді. Ұлы өнердің құдіреті осы ма дерсің дедім", дейді неміс саясаткері.

Авторлары: Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский.