«Оңтүстіктен – Солтүстікке» көшу мемлекеттік бағдарламасының ұтымды тұстары көп екені жергілікті тәжірибеде дәлелденген. Жобаның түпкі мақсаты – «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында атап өтілгендей, еңбек нарығын жаңғыртуды басты бағдар ете отырып, халықты жиі шоғырланған өңірлерден жұмыс күші тапшы солтүстік аймақтарға ұйыстыру, сөйтіп, экономикалық және демографиялық тұрғыдан теңестіру.

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «ЕQ»
Болжам бойынша, 2050 жылға таман күнгей жақтарда халық саны 5 млн-нан асып, жұмыссыздық мәселесі күрделене түспек. Керісінше, теріскей облыстарда тұрғындар саны 1 млн-ға дейін кеміп, оның ақыры әлеуметтік шиеленіске әкеліп соқтыруы мүмкін. Республика жұртшылығының 50 пайыздан астамы оңтүстік өңірдегі бес облысқа тиесілі екенін ескерсек, аталған бағдарламаның ішкі көші-қон саясатын реттеудегі, тұрақты еңбек ресурстарымен толықтырудағы мән-маңызы айрықша. Бүгінде Қызылжар өңірінде 1031 бос жұмыс орны бар. Мағжан еліне көшіп келуді ниет еткен отбасыларды экономикалық әлеуеті жоғары 224 елді мекенге орналастыру жоспарланған. Еліміз бойынша алғашқы қанатқақты жоба қолға алынып, коттедж үлгісіндегі жаңа үйлер салына бастады. Баспананың жалға алу бағасы қолжетімді. Бірінші кезекте сұранысқа ие мамандар мен жас отбасыларға беріліп, кейін сатып алу құқығына ие болады. 2018-2019 жылдары 1 мыңнан астам адам тұрақты түрде қоныстанып, үй-жаймен, жұмыспен, жер учаскелерімен қамтамасыз етілген.
«Соңғы екі жылда Шал ақын ауданына 35 отбасы ат басын тіресе, 10 отбасын Ступинка ауылының тұрғындары құшақ жая қарсы алды. Үй де, жұмыс та тез табылды. Өзім жазда мал бағамын. Қыста мектепте жұмыс істеймін. Әйелім мұғалім. Төрт баламыз бар. Несиеге бірнеше сиыр сатып алып, шаруамызды дөңгелетіп отырмыз», дейді Болат есімді азамат. Мұндай мысалды көптеп кездестіруге болады. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов М.Жұмабаев ауданына барған жұмыс сапарында осында көшіп келіп, ірі қара малын өсірумен айналысып отырған Бәтимә Шарманованың өнегелі ісін өзгелерге үлгі етті. «Bereke» ЖШС-ның жетекшісі мемлекеттік бағдарлама аясында Словакиядан 100 бас симменталь сиырларын әкелген. Ендігі ойы – сүт фермасын ашу. Құмар Іргебайұлы кәсіпкер әйелге сүт өндірумен ғана шектелмей, ірімшік әзірлейтін цех құруды ұсынды. Бір сөзбен айтқанда, мемлекет тарапынан көшіп келушілерді ынталандырудың, әлеуметтік, тұрмыстық жағдай жасаудың мүмкіндіктері аз емес. Жұмыс беруші жұмысқа кем дегенде бес адамды қабылдаған жағдайда 450 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша жәрдемақы бөлінетіні де құптарлық.
Десек те, халық тығыз орналасқан, саны көп күнгейден теріскейге қарай көш түзегендердің бәріне қолайлы жағдай жасалып жатыр деп айту асылық болар еді. Осыдан екі жылдай бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өткізген алқалы жиынға қатысқанымызда жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының сол кездегі басшысының атына біраз сын айтылған. Сонда келтірілген деректерге сүйенсек, еңбекке жарамды 89 адамның 26-ы ғана жұмысқа орналастырылған. Ведомство өкілдері солтүстік жаққа қоныс аударғандардың 47 пайызы ғана екі қолға бір күрек табатынын мойындаған. Мамлют ауданына қарасты Краснознаменное елді мекенін аттай қалап алған оңтүстікқазақстандық Айдынбек Қыдырбаев не жұмыс, не баспана таппай, сенделіп көп жүргені сөз болған. Ауылдық әкімдіктегілер не жарығы, не газы жоқ бір бос үйді босатып берген екен. Амалсыздан далаға от жағып, тамақ пісіруге тура келген. Көпбалалы отбасыға 25-30 мың теңгенің жұмысын ұсынумен ғана шектелген. Қыстың көзі қырауда көмір, отын, тіпті күнделікті азық-түлік сатып алуға қаражат таппай, қатты қиналған.
Қызылжар ауданы Архангельск ауылында түтін түтетіп отырған Бақытжан Толыбаев отбасының жағдайы да осыған ұқсас. Шаңыраққа арнайы келіп, мәселемен жіті танысқаннан кейін жергілікті тұрғындар тарапынан түскен шағымның растығына көз жеткіздік. Бақытжан – Түркістан облысы, Отырар ауданы Шәуілдір ауылының тумасы. Арнайы білімі болмаса да, жастайынан еңбекпен шынығып өскен. Мал бағудың, басқа кәсіптердің де қыр-сырына төселген.
– Өздеріңіз жақсы білесіздер, оңтүстікте табиғи туу көрсеткіші жоғары. Жұмыс күші жетіп артылады. Қазақстан – бәріміздің Отанымыз. Жерлестеріміздің Солтүстік Қазақстанның құнарлы жерін мекендеп, мал шаруашылығын, диқандықты кәсіп еткенін естіп, бағымызды сынап көруді ұйғардық. Таныс-білістердің жөн сілтеуімен алдымен Ғ.Мүсірепов ауданы Пески ауылына тұрақтадық. Ана тілінде білім беретін мектептің жоқтығынан балаларымыз аудан орталығындағы қазақ мектебіндегі интернатта жатып оқыды. Интернат үйі суық болғандықтан, ауырып қалатынды шығарды. Өзім жұмыссызбын. Содан Петропавл қаласында тұратын Назым деген танысыма хабарласып едім, күрежолдың бойында орналасқан Чапаев елді мекеніне (Қызылжар ауданы) көшіп келуге кеңес берді. Мұнда үй бергенімен, қабырғалары ылғалданып, салқын тартты. Ұл-қыздарымыз орыс мектебі ішіндегі біріккен қазақ сыныбында оқыды. Мал ұстайын десең, жайылым жоқ. Ауызсуды қыс бойы мектептен тасып іштік. Содан жайлы орын іздестіре келіп, осында қоныстануды ұйғардық. Ең бастысы, төрт түлік өсіруге мүмкіндік мол. Кез келген жұмысты атқаруға күшім де, қабілетім де жетеді, арланбаймын, – дейді қылшылдаған қырық жасты еңсерген Бақытжан бауырымыз.
«Оңтүстіктен – Солтүстікке» бағдарламасы шеңберінде үш баспана былтыр ауылдың шетінде бой көтеріпті. Орналасқан жері өте ыңғайсыз: желдің өті, қарасуық үздіксіз соғып тұрады. Күздің жауын-шашынында, қыстың ақтүтек боранында оқушылардың алыстағы мектепке қатынауы қиын. Орталық көшелерде бос жатқан жер телімдері бар екені қанша ескертілгенімен, тыңдар құлақ табылмады. Осы жерге тұрғызды. Әрқайсысын салуға 7 млн теңгенің қаражаты жұмсалғанымен, сапасы сын көтермейді. Әрлі-берлі өткенде сыртынан жұтынып тұрғанына қарап «ә, бәрекелді» деп сүйсінуші едім. Атақты сазгер Шәмшінің ауылынан ат басын тіреген отбасыға құтты болсын айта келіп, қарадай түңілдім. Төрт қабырғаға қарап қалған 9 жанның күйкі тірлігі жанымды қатты жабырқатты, – деген ауыл ақсақалы Әлім Төлебаев орын алған олқылықты тізбелеп берді. Әлі күнге дейін электр жарығы тартылмағанын жарыса айтқан үйелменді-сүйелменді шиеттей балалар көздері бозарып, теледидар көруге зар. Үйдің сырты қоршалмаған. Отын-суға арналған сарай, мал ұстайтын қора-қопсы салынбаған. «Қоянды көріп, қалжасынан түңіл» демекші, үйдің ішіне кіргенімізде небір келеңсіздікке тап болдық. Қабырғалар тілім-тілім болып жарылып кеткен. Былтыр істен шыққан жылу батареясынан су тамшылап ағып тұр. Бөлмелер қазандық арқылы жылытылады. Пеш салудың мүлдем ойластырылмағаны таңдандырады. 7 баланың анасы Мөлдірдің күйеуі сатып әкелген газ плитасына қарап қалған. Барлық ас-су осында дайындалады. Пештің жоқтығынан үй шаруасына епсекті, небір нан-тоқаш, бәліштерді пісірудің хас шебері Мөлдірдің қолы жіпсіз байланған. Оның айтуынша, ауылда көпбалалы отбасылар үшін пештің бірінші қажеттілік екені ескерілмегені өкінішті. Тамақ пісірсең де, шай қайнатсаң да, балалардың киімін кептірсең де, даладан тоңып келгенде жылынсаң да – өте ыңғайлы әрі үнемді. Бәрінен де жанға жылылық сыйлайтын шуағын, қасиетін айтсаңшы. Қазір күн сайын бөлке-бөлке нан сатып алуға мәжбүр. Су алыстан тасымалданады. Электр есептегішті де өздерінің қаражатына орнатыпты. Иесіз тұрған екі ақшаңқан үйдің қабырғалары жарылып, еден тақтайлары қақ айырылып кеткен көрінеді.
Отбасының осында қоныс тепкеніне бір айдан асса да, бірде-бір шенеуніктің хал-жағдай сұрап, есік ашпауы, отағасы мен отанасының жұмыссыз жүргендеріне салғырт, жүрдім-бардым қараулары нақты істен гөрі қағазбастылыққа бейім бюрократтық тоң мінезді көз алдымызға елестетті. Қоштасар сәтте Мөлдір үй өздерінің атына әлі рәсімделмегендіктен, кіші баласына жәрдемақы ала алмай отырғанын елеусіз айтып қалды.
Үйдің қабырғасына көзіміз түсті. «Репейная 2 «а» деген жазу бадырайып тұр. Көшенің аты екен. Бұл елді мекенде «Береговая», «Центральная», «Школьная» секілді мәнсіз орысша атаулардан көз сүрінеді. «Береговая» тұйық көшесі бақандай төртеу болып шықты. Соған қарағанда аудан әкімі Жанат Сәдуақасов, Архангельск ауылдық округінің әкімі Ирина Рыбакова туған жер үшін маңдай терін шүмектеп төккен Социалистік Еңбек Ерлері Молдай Байтөсев пен Есләм Бәукеновтің осы ауылдан түлеп ұшқанын білмейтін сықылды. Ауылдан ұзап шығып, артымызға қарадық. Үш ақшаңқан үй жұтынып тұр. Сыртқы келбеті сүйсіндіреді. Ал іші «айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау» кейпінен еш айнымайды
Солтүстік Қазақстан облысы
Атлах-Талас шайқасы: Ұлы жеңіске 1270 жыл
Тарих • Бүгін, 19:58
Спорт • Бүгін, 19:55
Қазақстанға агробанк қажет пе?
Қазақстан • Бүгін, 19:51
7 мамырға арналған мерекелік шаралар қалай өтеді
Қоғам • Бүгін, 19:15
Айтылды-орындалды: Жеті ЖОО жабылды
Президент • Бүгін, 18:31
Пандемия кезінде жаны күйзелгендер көбейген
Әлем • Бүгін, 17:55
Хоккейшілеріміз әлем чемпионатына даярлануда
Хоккей • Бүгін, 17:16
Қалжыңдаймын деп айыппұл төлейтін болды
Қоғам • Бүгін, 16:40
Алматылық жүзушілер алдарына жан салмады
Спорт • Бүгін, 16:15
Төрт боксшымыз ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 16:00
Павлодарда жол-көлік оқиғасы кезінде екі бала зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 15:30
Атырау және Астрахан облыстарының шекарасында қоршаулар орнатылып жатыр
Қазақстан • Бүгін, 14:50
ҰҚК Атырау облысындағы акциялар туралы ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Алматыда тәулігіне індет жұқтырғандар саны 700-ге жақындады
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Маңғыстау облысында мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Аймақтар • Бүгін, 13:18
Тазаланбаған аумақ үшін павлодарлық тұрғын жауапкершілікке тартылды
Аймақтар • Бүгін, 12:43
Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды
Қазақстан • Бүгін, 12:09
Әлішер Ерғали Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды
Күрес • Бүгін, 11:35
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі биржа басқармасына төраға болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:00
Алматыдан 181 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Елімізде өткен тәулікте 1806 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Бүгін, 10:08
Өткен тәулікте 2828 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:45
Қасиетті айда қайырымдылық жасады
Аймақтар • Бүгін, 09:20
Талғат Сырбаз еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Күрес • Кеше
ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығулары жөнінде келіссөздер жасалды
Қазақстан • Кеше
Екі күнде 15 жасөспірімнің түн кезіп жүргені анықталды
Аймақтар • Кеше
Ақмола облысында бас санитарлық дәрігер жаңа қаулы қабылдады
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
Петропавлда тілсіз жау дер кезінде құрықталды
Аймақтар • Кеше
Қостанайда құрастырылатын автокөліктерге сұраныс артып келеді
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері парамен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жер комиссиясының төртінші отырысы қорытындыланды
Қазақстан • Кеше
Болашақта есепші мамандығы болмайды – Еңбек министрлігі
Қазақстан • Кеше
А.Цой БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Алматыда бір тәулікте ауруханаларға 416 адам қабылданды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Оралда партия филиалының есеп беру конференциясы өтеді
Аймақтар • Кеше
Бүгін еркін күрестен Азия чемпионаты басталады
Күрес • Кеше
Елімізде өткен тәулікте 2892 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Кеше
Бір тәулікте 2822 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Петропавлда мейрамхана өртеніп, адамдар эвакуацияланды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен өткен жарыстың екінші күнінің нәтижесі
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Қарағанды облысының аумағында әскери ұшақ құлады
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті
ANTIKOR • 16 Сәуір, 2021
Салымшылардың есепшотына 73 миллиард теңге қайтарылды
Экономика • 16 Сәуір, 2021
Тобыл қаласында облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысы өтті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Шу ауданында голландиялық картоп өсіріледі
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Жазғы сауықтыру лагерьлеріндегі гигиеналық талаптар
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Бүгін аруларымыз үш жүлде алды
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Түркістан облысында 22 мыңнан аса оқушы тест тапсырады
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
«Шахтер» командасына жаңа бас бапкер келді
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Асқар Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді
Үкімет • 16 Сәуір, 2021
Театрда «Мауглидің» тұсаукесері өтті
Өнер • 16 Сәуір, 2021
Маңғыстау облысында «Қалқан-2021» оқу-жаттығуы аяқталды
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Кісі қолынан қайтыс болған Аяжан Еділованың мәйіті жер қойнына тапсырылды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Елордалық оқушы «EGMO-2021» олимпиадасында екінші орын алды
Білім • 16 Сәуір, 2021
Шығыс Қазақстан облысында бірнеше ауданды су басу қаупі бар
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Теміржол индустриясының әлемдік көшбасшысы Қазақстанмен ынтымақтастыққа ниетті
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Пәтер ішін заңсыз жоспарлау неге апарады
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар