Оқиға • 01 Қыркүйек, 2020

Ашық алаңқайдағы жаттығу залы

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы – саламатты өмір салтын ұстанатындар үшін қолайлы қала. Себебі табиғаты әсем шаһардың спорт сүйер тұрғындарына барлық жағдай жасалған. Бірер күн бұрын мегаполистің Жетісу ауданында «Айнабұлақ» жекпе-жек орталығы ашылды.

Ашық алаңқайдағы жаттығу залы

Ашық алаңқайдағы жат­тығу залы атшаптырым аумақ­ты алып жатыр. Қа­уіп­ті індеттің таралмауы үшін тиісті шаралар барынша қолға алынған. Мұнда кәсі­би спортшылармен қа­тар әуесқой азаматтар да жат­тығу жасай алады. Бес жүз адамға лайықталған маусымдық кешен демеу­шілердің көмегімен салынып отыр. Десе де пандемия жағдайына байланысты келушілер шағын топтарға бөлінген. Жаттығу алаңының жұмысымен танысуға келген қала әкімі таяу күндері аталған ауданда дәл осындай үш ор­талық іске қосылатынын мәлімдеді.

– Басты міндет – өске­лең ұрпақты спортпен, шы­ғармашылықпен жаппай қамту, өзін-өзі тәрбиелеу мен дамыту дағдыларын қа­лыптастыру. Қыркүйек айында тағы үш жаттығу ор­талығы Құлагер, Көк­майса жә­не Көкжиек ша­ғы­н ау­дан­дарында ашылатын болады. Сонымен қатар ауданның бес шағын учаскесінде ба­лаларға ар­налған Jetisy­Football тегін оқыту бағдар­ламасы жұ­мы­сын бастай­ды. Ол қиын жағдайда қалған жан­ұялардан шыққан 300 баланы қамтымақ. Ал жат­тықтырушылар қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы тартылды, – дейді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Жауапты мамандар Же­тісу ауданының Айна­бұ­лақ-2, Құлагер және Кемел ша­­ғын аудандарында дене­шы­нықтыру-сауық­ты­ру ке­шен­дерінің құ­ры­­лы­сына құжаттама әзір­леніп жат­қа­нын айтты. Ны­сандарды бос жерлерге салу жоспарлануда.

 

АЛМАТЫ