Қазақ боксы өзінің тарихында бұрын-соңды болмаған үлкен жетістікке қол жеткізді. Алматыда өткен сенбі күні мәресіне жеткен әлем чемпионатында еліміздің Мырзағали Айтжанов бастаған құрама командасы 4 алтын, 2 күміс және 2 қола медальмен ресми емес есепте жалпы командалық бірінші орынды жеңіп алды.
Бұл жеңісті, әлбетте, ең алдымен осы біріншілікте алдарына жан салмай, чемпион атанған 4 атлетіміз әкелді.

Біржан Жақыпов. Қазақстан құрамасы сапындағы жеребесі ең қиын түскен боксшы болғанына қарамастан, чемпионатты бастан-аяқ бір деңгейде өткізген, 5 шайқасында да өзінің тактикалық ұстанымынан айнымаған осы Біржан болды. Жоғары кәсіби шеберліктің үлгісін көрсеткен ол ұрыстары барысында бірде-бір мәрте мүлт кетіп, қателікке ұрынған жоқ.

Мерей Ақшалов. Осыдан аз ғана уақыт бұрын Азия біріншілігінде өзінің алымды да арынды атлет екенін анық аңғартқан жерлесіміз бұл чемпионатты да өте жоғары деңгейде өткізді. Ол біздің құрама ғана емес, турнирдегі ең көп соққы жасаушы боксшылардың бірі ретінде есте қалды.

Данияр Елеусінов. Биыл ғана команда капитаны болып тағайындалған Данияр турнирде өзінің ерекше техникалық шеберлігімен көзге түсті. Қорғаныс пен шабуылды қатар ұстай білген ол соққыны барынша аз қабылдаған боксшы ретінде де ауызға ілінді.Сондықтан чемпионаттағы ең шебер боксшы атағын алуы заңдылық болып табылады.
Жәнібек Әлімханұлы. Он чемпионның арасындағы ең жасы өзінің сол албырттығын қайтпас қайсарлыққа да ұластыра білді. Бұл оның қай шайқаста да қайтпай ұрыс салуына негізгі себеп болды. Осы орайда алғашқы екі шайқасы мен соңғы жекпе-жегі көрермендерін тәнті етті. Ең бастысы, өзінің басым екеніне ешкімге шәк келтіртпеді.