29 Қазан, 2013

Ресейлік әнші Светлана Цыганова жол апатынан қаза тапты

476 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29-10-13-chp devushka

Ресей әншісі Светлана Цыганова Мәскеу-Челябі трассасының бойында өзі жүргізіп келе жатқан Chery көлігінің тізгініне ие болып алмай, сұмдық апаттың орын алуына апарып соқтырды. Сол қырғынның кезінде өзі тіл тартпайөліп кетті. Бұл туралы «Независимая газета» хабарлады.

Алдын-ала болжам бойынша, әнші көлігімен келе жатып, кенет бір көліктің алдына түсіп кетпекші болған. Сол кезде қарсы жолдың бойында алдынан жүк көлігі шыға келген. Мәшине, әлбетте, қарсы келіп қалған ауыр көлікке барып соққан. Осы соққы қарсы бетте келе жатқан Volkswagen және Mitsubishi Galant көліктерінің ұшып кетуіне тікелей әсер еткен.

Соққының қатты болғаны сондай, мәшиненің сынықтары 150 метрдің аумағына дейін ұшып барған. Ал көліктің мыжылып кеткені сондай, оның ішінде тіпті адам отырғаны да байқалмаған.

Қазір апат болған жерде жедел іздестіру тобының қызметкерлері жұмыс жасап жатыр. Мыңдаған әнсүйер қауымға Светлана талантты әнші ретіндетанымал еді.

Мұрат Айтқожа.

Соңғы жаңалықтар