
Грузияда болып өткен президент сайлауында «Грузия арманы» билік коалициясының үміткері Георгий Маргвелашвили айқын басымдықпен жеңіске жетті. Бұл туралы «Газета.Ру» сайты хабарлады.
Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің қорытындысы бойынша 62,12 пайыздық үлеспен Г.Маргвелашвилидің қалған бәсекелестерінен оқ бойы алға шығып кеткенін жария етті. Комиссияның баспасөз хатшысы Эка Азарашвилидің айтуынша, бұл шын мәнінде түпкілікті көрсеткіш, енді ештеңе де өзгере қоймайды. Қарашаның 18-інде президенттік қызметін бастайтын Маргвелашвилидің өзіне алған дауыстары жақындау бәсекелестері Давид Бакрадзе мен Нино Бурджанадзе тиісінше 21,72 және 10,8 пайыздық дауыс алған.
Мұрат Айтқожа.