"Түнгі сағат 00:30 шамасында көрші тұратын 47 және 53 жастағы тұрғындар бірге алкогольдік ішімдік ішкен. Олар өзара жанжалдасып қалған. Сол кезде 47 жастағы азамат көршісін пышақпен жарақаттаған. Ауыр дене жарақатын алған 1967 жылғы тұрғын оқиға орнында көз жұмған", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Көршісін пышақтап өлтірген қаныпезер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерекке қатысты сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.